Сенбі, 23 Қараша 2024
Айбын 4251 7 пікір 8 Мамыр, 2018 сағат 14:13

Президент кибершабуылға қарсы әскери бөлімше құрылғанын жариялады

 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7 мамырда Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасында өткен шеруде 2020 жылға қарай ел қорғанысына бөлінетін қаржы көбейетінін айтты.

"Ел қауіпсіздігіне төнуі ықтимал жаңа қауіптерге байланысты жоғары мобильді арнайы операция күштері құрылды. Жаңа арнайы бөлімше кибершабуылдардың алдын алуға жұмыс істейді. Бұл жаңадан құрылған бөлімшелер өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарады деп сенемін. Мұндай әскери бөлімшелерді біз бірінші рет құрдық. Бұл бөлімшелер елдің әр бөлігінде бар. Онда арнайы дайындықтан өткен мамандар жұмыс істейді" деді Назарбаев әскери шеруде.

Отарда өткен шеруге үш мыңнан астам сарбаз, 300-ден астам әскери техника, 30-ға жуық авиациялық техника қатысты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417