Қазақстанда президентке үміткерлердің өзін-өзі ұсыну науқаны басталды
Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Республикада 5-ші ақпаннан бастап Қазақстан президенттігіне үміткерлердің өзін-өзі ұсыну науқаны басталды. Сайлауалды науқан 20-шы ақпанда аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлағандай, үміткерлерді ұсыну құқығы бекітілген тәртіппен тіркеуден өткен республикалық қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ өзін-өзі ұсынатын азаматтарға беріледі.
Еске салсақ, іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен мезгілінен бұрын өтетін президенттік сайлауларды 3-ші сәуірге деп белгіледі.
Н. Назарбаевтың өзі президенттік сайлауларға қатысатындығы туралы Астанада 11-ші ақпанда өтетін «Нұр Отан» партиясының съезінде жариялайды деп күтілуде.
Жұма күні «Азат» ЖСДП сайлауға өздерінің тең төрағаларының бірі - Болат Әбіловты ұсынатындығы белгілі болды. Оның кандидатурасын Қазақстан коммунистік партиясы да қолдауы мүмкін.
Жасылдардың «Руханият» партиясы да президенттік сайлауға қатыспақшы, бірақ олар өздерінің үміткерлерін әлі анықтаған жоқ.

Бұрынырақ хабарланғандай, сайлаудан тәжірибесі бар «Ақ жол» партиясының лидері Әлихан Байменов осы сайлауға қатысу ниетінің жоқтығын жариялады. «Әділет» партиясының басшысы Мақсұт Нәрікбаев та осындай шешім қабылдады. Басқа партиялар әзірге өз шешімдерін жариялаған жоқ.