ҰБТ-да тағы да у-шу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп, жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған тестілеу технологиясын бұзушылық фактілерін анықтады, деп хабарлады подполковник Болатбек Төлетаев.
Қауіпсіздік қызметкерлері тестілеудің бірінші күні-ақ сұрақтарының дұрыс жауаптары жазылған кодты сатуға әрекет жасаған қылмыстық топты анықтады. Алаяқ топ емтихан сұрақтарының дұрыс нұсқалары жазылған дискіні 3000-3500 долларға сатпақшы болған. Бұларға қатысты алаяқтық жасаған деген айып тағылып, Қылмыстық кодекстің 177-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Қазір қамауда отырған көрінеді.

– Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібі және дұрыс жауаптардың коды мемлекеттік құпия құжаттарының санатына жатқызылғаннан бері қылмыстың осындай жаңа түрлері шықты. ҰБТ-ның дайын жауаптарын сатып жүргендер мұның қылмыс екенін білгенмен, оны сатып алушылар қаншалықты қылмыс жасағанын біле бермейді. Сондай-ақ тестілеу өткізілетін дәрісханаға ұялы байланыс телефондарын, басқа электрондық техниканы алып кіру және пайдалану да заң бұзушылық болып саналады. Дегенмен өткен жылдардағыдай емес, тәртіп бұзушылардың саны жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр ҰБТ өтіп жатқан дәрісханаға ұялы телефондарын ішке алып кірмек болған 24 адам және емтихан кезінде пайдаланған 4 адам анықталса, биыл ондай 3 талапкер ғана ұсталды. Тестілеуге қатысатын талапкердің орнына басқа адамның кіріп кету фактілері де анықталды. Тәртіп бұзып, ұсталғандардың бәріне мемлекеттік комиссия тиісті шаралар қолданып, олардың тестілеу кезіндегі берген жауаптарын жоққа шығарады, – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметкері Болатбек Төлетаев.
Қазір Алматы қалалық департаментінің қызметкерлері, Алматы қалалық прокуратурасының санкциясымен, ҰБТ жауаптарының дұрыс нұсқаларын алып, оны таратуға қатысы бар адамдарды анықтау және мемлекеттік құпия санатындағы ҰБТ кодтарының түпкі таралу көзін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тестілеу сұрақтарының дұрыс нұсқаулары жазылған дискілерді сатып алып, қолданған талапкерлер ҰБТ сынағынан аластатылып, жоғары оқу орындарындағы байқауға қатысу құқынан айырылады.
Қайыржан ТӨРЕЖАН
«Айқын» газеті, 9 маусым 2009 жыл