Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5999 1 пікір 30 Мамыр, 2018 сағат 12:19

Тозақтағы періште боп сорлап қалмаймыз ба?

Қай-қайдағы бір жабайы ой билеп, жабырқайтынды шығардым. Кейде бар ғой... өлгенше мас боп алып, би алаңына шығып кеткім келеді!

Адамзат барған сайын адами болмыстан алыстап бара жатқандай. Адамдар арасындағы «тірі» қарым-қатынас шалажансар күйге түсіп, суррогат әрекет қалыптасты: ғаламтор, вацап, СМС, тағы немене еді? Тіпті телефон арқылы «халің қалай?» деуден қалып барамыз. Даусымызды сағынуға уақыт жоқ. Тетікті баса салып, дайын лебізді немесе открытканы жібере саласың, құда да тыныш, құдағи да тыныш. Енді біршама уақыттан соң «ақылды» смартфонның бетіне қарап көзіңді қысып қалсаң болды: «қам жемеңіз, әжесі, немереңізге құлтемір бесік жырын айтып жатыр!» деп, ар жағынан үзіліп-созылып, жаңғырыға шыққан ғарыштық дауыс әндетіп тұратын шығар.

Жастар үшін қам жемеймін. Жаңалық атаулыны шетінен қақшып алып, талғамастан қылғытуда. Ал мен сияқты қартаң жандар қайтпек? Құрғай бастаған ми радиоактивтік жылдамдықпен зымыраған өркениет босағасынан сығалауға қауқары жетпей, технологиялық төңкеріс пен жаңаша ойлау дизайнінің бірін қабылдаса, бірін қабылдай алмай, бағытынан адасып, ақша мен компьютерлік технология билік құрған заманда тозақтағы періште боп сорлап қалса ше? Ондайлардың қоғамға қажеті шамалы. Жақын-туыстарына артық салмақ.

Құдай сақтасын! Өзім мұндайдан алыспын деп миығынан мырс ететіндер табылары анық. Күл, күл! Əлі-ақ күлкің осылар! Танаға туған күн бұзауға тумайды деп кім айтты? Ерте ме, кеш пе, кімнің болмасын, белі бір бүгілері хақ. Ал өмірдегі өзгеріс уақыттың өзін басып озғысы келіп өршелене түседі. Бүгінгі білім - ертең жарамсыз. Сонда адам өмірінің ақырына дейін толыққанды тұрмыс кешуі үшін өле-өлгенше жетіле беруі керек пе?

Мына заман қайда барып тоқтайды?

Гүлмәрия Барманбекованың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354