Жексенбі, 24 Қараша 2024
Білгенге маржан 14983 0 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 10:37

Өлі теңіз немесе Лұт теңізі жайлы не білесіз?

Израиль мен Иордания шекарасында дүние жүзіндегі ең қызықты жерлердің бірі - Өлі теңіз орналасқан.

Оның құмсыз жағажайы туристердің мекеніне айналды десек те болады. Жұрт табиғаттың осы бір тылсым күшін көзбен көріп, адамды өзіне батырмайтын суына шомылып көргісі келеді. Дегенмен солардың көпшілігі бұл теңіздің неге дәл осылай аталғандығынан бейхабар.

Өлі теңіз Жер шарындағы ең тұзды теңіз болып саналады. Осы минералдың себебінен сіз судың бетінде еш қиналмай газет оқып жата бере аласыз. Өлі теңіздегі тұздың концентрациясы бір литр суға 270 грамнан келеді. Ол тым көп көрсеткіш екендігін басқа тұзды су қоймаларындағы концентрацияның 35 грамнан аспайтындығынан біле аламыз. Негізі, өлі теңіз деп ұзындығы 76, ені 18 километрден және  максимальды тереңдігі 400 метрден тұратын көлді атайды.

  • Өлі теңіз біздің ғаламшардың ең төмен нүктесі есептеледі және әлемдік мұхиттан 417 метр тереңдікте төмен орналасқан.
  • Теңіздің “Өлі” деген атау алуына себеп болған: оның тұздылығының тым жоғары болуы (концентрациясы – 33%, 340 гр/л), яғни мұнда тірі организмдер мүлде тіршілік ете алмайды. Оған қоса Өлі теңіздің ағыстары да жоқ, сондықтан оған қосылған өзге сулар “қамалып” қалады. Теңіздің бетіндегі булану тұзға және минералдарға бай жоғары сапалы “коктейльдің”  пайда болуына әкеледі. Судағы минеральдық заттар көлемі 30% (Салыстырмалы түрде Жершары теңізі – 4%).
  • Теңіз тұздылығы соншалық, онда түскен адам судың бетінде “қалқып” жата алады және суға кірген бойда, тіпті бұрын болған жарақаттардың өзі есіңізге түседі.
  • Еврей тілінде бұл теңіз «YamhaMaved» деп аталады. Яғни «Жан алғыш теңіз» деген мағынаны білдіреді екен. Дегенмен Өлі теңіздің басқа, қорқынышты емес атаулары да бар. Мысалы, Лота теңізі, Шығыс, Арава, Асфальтті деген атаулар.

    Өлі теңізді жергілікті жұрт Лұт теңізі деп атайды екен. Ал, оны әйгілі Лұт қауымымен байланыстырады. Неге? Оның қашан, қалай пайда болуы әлі көпке құпиясы белгісіз әрі ғибрат аларлық хикая екен. Енді сол хикаяға ден қоялық.

    Лұт қауымының оқиғасы Ибраһим (а.с.) пайғамбардың тұсында болған. Ибраһим (а.с.) Лұттың (а.с.) кіші атасы екен. Лұт ибн Һаран ибн Тарих. Ал, Тарих Ибраһимның (а.с.) әкесі. Алла Тағала Лұт (а.с.) хақында қасиетті Құранның он төрт сүресінің жиырма төрт жерінде баяндаған.

    Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584