Жексенбі, 24 Қараша 2024
3489 4 пікір 12 Маусым, 2018 сағат 12:34

Қазақстандық мектеп оқушылардың роботтары Мәскеуді бағындырды

Қазақстанның жас инженерлері 2018 жылғы маусымда Мәскеу қаласында өткен "LEAS Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge" робот техникасы бойынша халықаралық біріншіліктің жүлдегерлері атанды.

Жаздың алғашқы күндері Ресей астанасындағы Kids City («Балалар мамандықтарының қаласы») балаларға арналған білім беру-сауықтыру жобасы алаңында өткен LEAS (LEGO Education Afterschool Programs) Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша жарыстардың гранд-финалы қазақстандық вундеркиндтердің кезекті жетістігімен есте қалды. Қазақстанның бес жұлдызы – Румейса Варол, Төлеутай Қасенов, Кирилл Табачников, Имран Мухаммад және Валерия Примаченко – функциялары Жердің тірек орбиталарында ғарыштың ірі қалдықтарын іздеу, жинау және кәдеге жаратуды көздейтін, автономдық роботтарды жинау және бағдарламалау бойынша күрделі тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Сондай-ақ, сайыста Пермь, Екатеринбург, Железнодорожный және Красногорск қалаларының мектеп оқушылары лайықты өнер көрсетті. Конкурс «Жер маңайындағы ғарыштық кеңістікті бірге тазалайық!» деген ұранымен, кіші (он жасқа дейінгі) және үлкен (он жастан үлкен) екі жас категорияларында өтті.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627