Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4421 4 пікір 14 Маусым, 2018 сағат 14:01

Қалмұханбет Қасымов. 17 мың шетелдiкке Қазақстанға кiруге тыйым салынған

Өткен жылдан бастап 17 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Оларға 5 жыл бойы елге қайта кiруге тыйым салынды. Бұл туралы халық алдында есеп берген ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ішкi iстер министрлiгi көші-қон легін бақылауды күшейтті. Өткен жылы елімізде 2,5 миллионнан астам шетелдік болып қайтса, сондай мөлшердегі шетел азамат біздің ел арқылы өткен. 20 елдің азаматтары үшін визасыз келу тәртібі енгізілді, 45 елдің азаматы 30 тәулікке дейін визалық рәсімдерсіз және тіркеусіз жүре алады. Осындай жағдайлар полициядан көші-қон режимінің сенімділігін қамтамасыз етуді және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейтуді талап етеді», - дедi Қасымов.

Министрдiң айтуынша, өткен жылдан бастап көшi-қон заңнамасын бұзған 141 мың шетел азаматы әкiмшiлiк жауапқа тартылды. Олардың 17 мыңнан астамы ел аумағынан шығарылды. Бұл азаматтарға 5 жыл бойы Қазақстанға қайта кiруге тыйым салынды.

«Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өңірлерде арнайы Көші-қон қызметін көрсету орталықтарын құру жоспарланған. Бұндай пилоттық жоба Астанада қолға алынды», - дедi Қалмұханбет Қасымов.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608