Сейсенбі, 23 Шілде 2019
Абай.tv 3920 29 пікір 17 Маусым, 2018 сағат 17:09

«Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыз апатқа ұшырады (фото-видео)

«Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына байланысты қауырт желі іске қосылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана-Алматы» бағытында қатынайтын №9 жолаушылар пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетіп, үшеуі аударылды. Соның салдарынан 4 адам зардап шексе, біреуі қаза тапты. Қаза тапқан адамның аты-жөні анықталып жатыр», - деді ол.

Оның дерегінше, төтенше оқиға орнында құтқарушылар бригадасы, Жол бойындағы медициналық құтқару бекеті жедел әрекет ету бригадасы жұмыс істеп жатыр.

«Пойыздағы жолаушылары «Астана-қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызымен «Шу» стансасына жөнелтілді. Сағат 15-10-да «Қазавиақұтқару» тікұшағымен оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, Жамбыл облыстық ТЖД басшысы аттанды. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ісе қосылды. Телефон нөмірі: 51-35-75, 51-41-67», - деді Руслан Иманқұлов.

Қазірге белгілі деректер төмендегідей:

Оқиға 13.25-тер шамасында, «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» перегонында болған. № 9 поездының 6 вагоны релстен шығып кеткен.

Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты (жеке белгілері анықталуда).

Оқиға орнына ЖОТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нен 2 бірлік, АЦ автөкілігімен 7 адам, Шу ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінен 2 адам, 1 дана техника, «Төле би» ауылы маңындағы күрежолдық медициналық қызметінің шұғыл әрекет жасағынан 4 адам, 1 реанимобиль, шұғыл медицининалық жәрдемнен 2 дана техника және 6 адам тартылды.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Орынбеков, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.С.Жұманқұлов, Төтенше жағдайлар комитетінің Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының м.а. Т.Н.Сабиров, Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары М.К.Байсеркенов «Казавиаспас» тікұшағымен аттандырылды.

Сонымен қатар, сағат 15.30-да «Жедел құтқару жасағы» ММ-нен 2 дана техника және 8 адам төтенше жағдай орын алған аумаққа көмекке келіп жетті.

Төтенше жағдайлар комитетінің Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ыстық желі (51-35-75, 51-41-67) орнатылды. Онда ЖОТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нен және «Жедел құтқару жасағы» ММ-нен алдырылған психологтар тұрғындардың аталған оқиға бойынша сұрақтарына жауап беретін болады.

Abai.kz

29 пікір