Атырауда агроөнеркәсіптік кешенді жандандыру қолға алынбақ
АТЫРАУ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы 2011 жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған үш ірі жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Сырым Рысқалиевтің хабарлағанындай, 2011 жылы жылына 18 млн. жұмыртқа, 75 тонна ет пен 2,5 тонна тауық қауырсынын шығаратын құс фабрикасының құрылысы басталады. Нысанның құны - 281 млн. теңге. Сондай-ақ 5 330 тонна өнімге арналған көкөніс сақтау қоймасы салынады. Бұл жобаның жалпы құны 315 млн. теңгені құрайды. Ал шаруа қожалықтарының бірінен жылына 600 тонна өнім сақтайтын жылыжай кешені құрылады. Ол жоба 532 млн. теңгеге бағаланып отыр.