Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2117 0 пікір 19 Ақпан, 2011 сағат 05:41

АҚШ Мысыр экономикасын қолдауға 150 млн доллар бөледі

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Вашингтон Мысырға ел президенті Хосни Мүбәрак отставка кеткеннен кейін, биліктің бейбіт жолмен берілуіне қолғабыс ету мақсатында 150 млн. доллар көлемінде қаржылық көмек бөледі. Бұл туралы РБК хабарлайды.

«Біз Мысырға елдегі саяси тұрақтылықты және экономиканы қалпына келтіру үшін 150 млн. доллар бөлеміз», - деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сенаторлармен өткен мәжiлiстiң қорытындысы бойынша.

Х.Клинтон сондай-ақ таяу уақытта Мемлекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уильям Бернс пен АҚШ президентінің халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Дэвид Липтон Каирге баратынын хабарлады. Лауазымды шенеуніктердің сапары барысында Вашингтонның Мысырға көмек көрсетудегі нақты басымдықтары анықталатын болады, деп ақпарат береді "Синьхуа".

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440