Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
6821 4 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 09:59

"Шекара бұзды" деп айыпталған Сайрагүл неліктен ауруханаға түсті?

Әлемдік адам құқығын қорғау ұйымынан! Қазақтың әділетті қолдайтын азаматтарынан! Батыр қыз сайрагүл Сауытбайқызына араша сұраймын!

23 маусым күні Талдықорған уақытша ұстау абақтысында ЛА155/16 жатқан Сайрагүлдің миы шайқалып, ауыруханаға  түскен. Бұл туралы ақпарат құралдары жарыса жазуда.

Қытайдағы адам төзгісіз қырғыншылықтың салдарынан шекараны заңсыз кесіп өтті деген ілікпен айыпталып отырған Сайрагүл Сауытбайқызына қысым түсуде!

Қазірге дейін Еркін Азия, Chaina Ait сияқты әлем ақпаратында Қытайда 500 мың қазақтың геноцитке ұшырап жатқаны айтылып, дәлелденуде. Саяси үйрену деген жан төзгісіз орталықтың азабын, тұтқыннан босаған азаматтар мен әлем ақпараты жарыса жазуда...  Еш жазықсыз сотталып, із-тозсыз өлтіріліп жатқан қандастардың обалы, егер араша түспесек біздің мойнымызда!

Үш миллион қазақтың бестен бірі түрмеде, одан қалғаны өлтіріліп жатыр. Имамдардың бәрі  өлтірілген. Сол жақтағы қалалардың өзін түрмеге айналдырып, бостандықта жүрсе де бақылау тетіктері қойылып, осы арқылы сотталып, атылып жатыр. Қытай қазағынан қазірге дейін еш террорист, экстремист шықпағанын ҚР Ішкі істер министрі дәлелдеп берді. Тіпті қытай билігінің  өзіде бұл туралы кезінде Бейжің де өткен құрылтайда «Қазақ - бейбіт хлық» деп атап өткен. Сонымен еш жазықсыз апатқа ұшырап жатқан жер шарында бір халық болса, ол - қазақ. Бүгінгі өркениетті қоғамда адам тепе-теңдігінен алқыған зұлыматты тоқтатып, қандастарға араша болуын сұрау әрбір азамат үшін парыз!

Қытайда жүргенде, мектептің  қытай тілі пәнінің мұғалімі болған Сайрагүл, болып жатқан зұлымдықтың сұмдығын жанымен сезінген. Себебі ол саяси үйрену орталығы деген фашистік азаптау лагеріне қылмысты деп айпталған адамдарды жеткізіп отырған. Сол кезде, сол орталықтың бел ортасына келген де тұтқындағылардың шыңғырған, шулаған азапты дауысын естіп жаны түршіккенін өткендегі баспасөз жиынында белсенді азаматтар айтқан болатын. Сонымен бұл күн бүкіл қазақты шарпитынын, аман қалатын түркі халқы болмайтынын білген соң, осындағы бала-шағасы үшін, ол жақтың зобалаңынан қашып шыққан. «Бұтаға қорғалаған торғай аман қалады» дейді, тәуелсіз еліміз сол бұта құрлы жоқ па?  

Ол осыдан бірер апта бұрын қоғамдық «Дат»газетіне жазған хатында уақытша ұстау абақтысында жан-жақтылы қиналып жатқанын жеткізген. Тергеу барысындада түрлі қысым көрсетіліп, болмаған қылмысты мойында деп жатқанын жазған. Ол абақтыдан шыққан азаматтар арқылы редакцияға жолдаған хатында былай былай депті:

«Құрметті Ермұрат аға бастаған, Бақытгүл апай қостаған «Дат» газетінің редакция алқасына, мен сіздерден көмек сұраймын. Менің тағдырыма, отбасы жағдайыма немқұрайдылық танытпағандарыңызға алғысымды айтамын! Дәл қазір мен Талдықорған тергеу абақтысында қамаудамын. Барлық мүмкіндіктен шектеулі екенім белгілі. Бұл жерде менің тілім көп нәрсеге жетпейді. Орыс тілін мүлдем түсінбеймін. Қызметкерлердің және сотталғандардың бәрі орыс тілді болғандықтан, қатты қиналудамын. Тергеу барысындада түрлі қысым көрсетіліп, болмаған қылмысты мойында деп қыспаққа алуда. Отбасыммен жолығу мүмкіндігі мүлде жоқ. Сіздерден өтініш менің осы жазған хатымды үкіметке жеткізуге және баспасөз арқылы таралуына көмектесіңіздер. Отбасы, бала-шағам үшін осы қорлыққа барғанымды ел ағалары мен ел-жұрт білсе екен деймін. Өзіме араша іздейтін еш мүмкіндік болмай тұр.

Сайрагүл Сауытбай 20.06.2018

Бұл хаттан сезінгеніміз және осы тақырып туралы белсенді азаматтардың айтуы бойынша осы хаттан кейін сараптаған адам Сайрагүлдің қандай жағдайда екенін сезеді. Көңіл-күйі жақсы адамның миы шайқала ма? Бұл енді бір Аллаға аян. Өз отанымызда, өз жерімізде отырып, нәзік жанды әйел адамды осынша қыспаққа тастап қою - елдігімізге сын. Егер ауруханадан сауығып шықса әпкемізге бостандық берілсін! Әлемдік адам құқытарын қорғау ұйымының араша болуын үміт етемін!

Сержан Ораз

Abai.kz

 

       

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969