Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Күбіртке 19459 18 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 11:32

Қытай түрмелеріндегі азаптауды көзбен көргендердің әңгімесі

ChinaAid басылымы Шыңжаңдағы мұсылмандардың геноцитке ұшырап жатқаны туралы көлемді материал жариялады. Біз сол мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Жазу стильіндегі кейбір кемшіліктерді түзетпей, сол қалпында қалдырып отырмыз.

"Шыңжаң өлкесінде былтырдан бастап, кең көлемде жаппай мұсылмандарды ұстау басталды. Халықарлық адам құқығын қорғау ұйымдары түрмелерде һәм қайта тәрбиелеу лагерлерінде қамалғандардың көрген азабының  мыңнан бірін ғана біледі.ChinaAid оннан аса мұсылманнан сұхбат алған. Олардың кейбірі - «Саяси түзеу лагерінде» жатқандар, кейбірі - жақындары сол Қамақханада азап көргендер. Қауіпсіздік үшін сұхбат берушілердің аты жөндері жасырылды.

(ШҰАР 2018 жылы 26 маусым)

Қытай жергілікті үкіметі жаппай Ұйғыр, Қазақ, Дүнген қатарлы аз санды ұлттарды тұтқындап жатыр. Тұтқындалғандар Қамаққана немесе «қайта тәрбиелеу лагеріне» жөнелтіледі. Жүз мыңнан астам мұсылмандар Қоғам қауіпсіздік күштерінің қорлауы мен тәндік азаптауларының құрбаны болуда. Үрімжідегі бір ғана Қамақ бөлімшесінің өзінде әр күні көптеген қамалушылар азаптап өлтіріледі, не жынды болады, тіпті наганмен атып, азаптайды.

Бұл жайды қамаудағы Баршагүлдің сіңілісі Алтынгүл баяндаған.

Отыз жастар шамасындағы Баршагүлді (аты өзгертілді) былтыр күзде Үрімжі Қоғам қауіпсіздік мекемесі еш себепсіз тұтқындаған. Отбасы екі айдан кейін ғана оның ұсталғанын біледі. Тағылған айып - тек қана ұялы телефонында Уатсап әлеуметтік желісі болғандығы. Баршагүлдің сіңілісі Алтынгүлдің (аты өзгертілді) айтуынша, Қоғам қауіпсіздік қызметкерлері азаптау барысының сыртқа жайылмауы үшін бір-бірін танымайтын мұсылмандарды бір бөлмеге қамап , әр апта сайын тұтқындарды көшіріп отырады екен.

Менің әпкем қамауда болған неше айда (кейде он күн, сезіз күн, жеті күн сайын) отыздан аса түрмеге ауыстырылған.  Тәртіп сақшылары қылмыскер мен тәрбиелеушілердің өзара достасып кетуінен, соның салдарынан отбасындағыларға хабар жіберуі мүмкін екенінен алаңдайды. Жаңа бөлімшеге көшірілгенде тұтқыннан ішіндегілерді танитын-танымайтынын сұрайды.

Шыңжаң полициясы қамауға алынатын адамды түнгі сағат он екіден кейін ұстайды, таңғы сағат үштер шамасында сол күні ұсталған тұтқындардың бәрін түрмеге қамап үлгереді.

Әр күні түнде, сағат он екіден өткен соң, олар адам ұстауды бастайды. Қазір Қоғам қауіпсіздік мекемесі таңертең ешкімді тұтқындамайтын болды. Егер таңертең адам ұстаса, жұртқа байқалып қалады, сондықтан да қамау ісі түнде жасырын жасалады. Алдымен полиция бөлімшесінің бастығы саған қоңырау шалып, мекемеге қол қойып кетуді бұйырады.  Бұйрықты орындауға сыртқа шыққан жеріңнен дереу ұстап, қолыңа кісен салады да, байлап әкетеді. Алтынгүлдің әпкесі "Мені неге ұстайсыңдар?" деп сұрапты, сонда бөлімше бастығы "Аузыңды жап, біздің бәрімізде қару бар" деп қорқытқан. Сосын әпкесінің басына қара қап кигізіп, орта жолда тоқтап, қамақ бөліміне жауапты сақшыларға өткізіп берген.

Алтынгүлдің айтуынша, оның әпкесін бір орындыққа ұзақ уақыт байлап қойып, тоқ таяқпен ұрғылаған.

Осылайша бірінші күні қатты соққыға жығылған. Бағынбадың деп, қолына алдымен екі келі қол кісен салған. Баршагүл үш күн жылапты, төртінші күні бес келілік кісін салған. Оныншы күні кісен салмағы сегіз келіге ауырлаған. Соның салдарынан қолы мен аяғы қанап, іріңдеп кеткен. Жүре алмай қалған соң, оны орындыққа байлап қойған. Үлкен-кіші дәретті сол орындықта отырып сындырады екен.Осы азаптаудан кейін Баршагүл дәретханаға өз аяғымен бара алмайтын жағдайға жеткен.

Қазақстанға келген Нұрлан атты азамат та Қытай үкіметінің ең жоғары дәрежедегі азаптауын бастан кешкен.

«Олар адамды өлтіру үшін азаптайды. Сені ауыр жаралы қылып түрмеден шығарады, егер түрмеде өліп қалсаң, өлігіңді білдіртпей көме салады».

Бір қазақ кісінің айтуынша, Баршагүлді талай рет ЖИТС(СПИД) науқастармен бірге жатқызған. Түрмедегілердің кейбірінің ауыз-мұрны шіріп, құрттап кеткен.

«Құрт ауыздан кіріп мұрыннан шығады. Түрме бақылаушысы көптеген еркек сақшылардың алдында әйелдерге киімдерін тыр жалаңаштап шешкізіп, анал тесігін тексереді. Бір қыз сақшыларға: "Мен әйелзатымын ғой, менің ар намысымды сыласаңдар етті" дегеніне қарамай оған қарап тұра берді. Баршагүлдің суретіне қарағанда, оның аяғындағы бұлшық етпен сүйектері ажырап кеткен, суретті көрген адам көз жасын тоқтата алмай жылайды».

Биыл маусым айында Үрімжі крематорийында елу қауіпсіздік қызметкер қабылдаймыз, айлығы 8000 (450000 теңге) юан деген хабарландыру жарияланған. Осы ақпаратты қызу талықалай бастаған соң, бұл жарнама алынып тасталды. Алтынгүлдың айтуынша көп мұсылмандар қан аздықтан өліп жатыр.

«Менің әпкем әр жолы сақшыдан өзін қашан шығаратынын сұрайды, Сақшы: "Мұнда кіргендердің ешқайсысы шығамын деп ойламасын, Шыққан күннің өзінде бірнеше күн өтпей өледі" деген. Олар қамақта әр күні таңертең сиыр да жемейтін капуста сорпасын жейді, түсте күріш суын ішеді және бір қатып қалған буға піскен нан (момо) жейді, мейлі сенде қандай ауру болсын, сөзсіз жейсің, әр жолы тамақтан бұрын мемлекет әнұранын айтады. Ши Жинпиңды мадақтағанда ғана момо жей алады. Кейбір адамдар ауырып жерде жатып қалады, тамақ та жей алмай бес-алты күн жатқан соң өледі. Сондықтан ішіне тірі адам кіріп, екі күн болмай қан аздықтан өліп кетеді».

Баршагүл қамалған соң, төрт айдан кейін шыдамай талып қалған. Алтынгүлдің айтуынша сақшылар оның қамақта өліп қалуынан қорқып оны түрме емханасына апарған:

«Ол есін әрең жинап қайда екенін сұрады, медбике "емханадасың" деді, айналасындағы ауруларға қараса қолдары кісенделген немесе байланған адамдар екен. Сақшылар оны емханаға әкелген соң, біз отбасымызбен барып, оны алып кеттік. Ол кезде әпкем әлі есін жия алмай жатқан еді, көзін де аша алмады».

Қамаққанада мұсылмандар сары түсті мен қара түсті киім киеді. Сары түстілері - өмір бойына бас бостандығынан айрылғандар. Алтынгүлдің айтуынша, оларға сары киім кигізеді, сары киім кигендері өмір бойы шыға алмайды. Олар Үрімжі оқиғасына қатысқандар, Есірткі сатқандар немесе он, не жиырма жылға кесілген ұйғыр, қазақ, дүнгендер. Олардың көбі қырықтан асқан әйелдер, олардың көбісі құтырып, жынданып кеткен. Тәрбиелеушілер Сары киімділерге жаңадан келгендерді ұруға бұйрық береді».

Олар қамалған адамдардың кім екенін біліп қоюдан алаңдап, олардың аттарын атамайды. Алтынгүлдің айтуынша, оның әпкесі Қоғам қауіпсіздік сақшысының бір ұйғыр апаның аяғынан оқ атқанын өз көзімен көрген, одан кейін ол ұйғыр апа ғайып болып кеткен.

«Ұсталған қазақ, ұйғырлар сары киім киеді, аттары аталмайды, тек "сары киімділер" дейді. Олардың киген қара бұл аяқкиімдерін лақтыруға болмайды, Менің әпекемнің аяғындағы қара бұл аяқкиімдерін жүзден артық адам киген болуы мүмкін, тесік тесік. Сақшы менің әпкеме наганын төсеп тұрып сөзсіз киюін бұйырған. Қыста байпақ жоқ, жалаң аяқкиіммен жүгірткен, аяқта бәрі қан, жерде бәрі қан, қабырғада да қан. Олар бір рет жүгірген кезде, бір ұйғыр апа жүгіре алмай аяқ киімі түсіп қалады, енді еңкейіп ала бергенінде бір сақшы оның аяғынан атып жібереді, қардың үсті бірақ қанға боялды, сақшы бұл апаны алып кетті, содан кейін ол апаны көрген ешкім жоқ, өліп қалған болуы мүмкін. Сондықтан олар мейлі аяз болсын, мейлі аяқкиімдері түсіп қалсын, сонда да жүгірулері керек, жандарын сақтап қалулары үшін».

Қыста қамақтағы сақшылар суық суды мұсылмандардың үстіне құяды, мұны басынан өткізген адам ешқашан есінен шығармайды. Алтынгүлдің айтуынша, Сақшылар тоқ таяқпен әйелдердің омырауын соққылайды екен, бұдан тірі шығатындар аз.

Әр айда бір тәрбиелеу кезеңі болады. Сақшы кез келген адамды ұрады, және де суық суды үстіне құяды.

Жазалаушы әйел сақшы тізесімен әпкемнің құрсағына отырып алып, қолымен шашын тартып ұстап, омырауынан тоқ таяқпен ұрған.  Мұндай азаптауды көрген ұйғыр әйелдердің көбі құтырып, жынданып кеткен.

Егер адам өліп қалса олар алып кетеді. Бір қамақ орнында әр күні бірнеше адам өледі. Әпкем осыны көрген соң жуассып қалған, жылауын да тоқтатқан. Бірақ көп талатын болып қалды. Егер саяси үйрену лагеріне бес адам кірсе, соның бірі ғана менің әпкем сияқты тірі шығады екен.

Әпкемнің білуінше, өзімен бірге ұсталған үш жүз адамның ішінде жалғыз өзі ғана тірі қалып, бостандыққа шыққан.

Баршагүл түрмеден шыққанына көп айлар болса да, оған еркіндік берілмепті. Сақшы оның үйінің қарсысындағы құрылысқа камера орнатып, оған перде ілуіне, сол өңірден кетуіне, жеке куәлікпен ғана кіре алатын дүкендерге кіруге тиым салыпты. Егер әпкесі жеке куәлігімен дүкенге кірмекші болып, есіктегі жеке куәлік тексергішке тигізсе, шиқылдап шыға келеді, күзетші оны кіргізбейді.

Тілші осы туралы Үрімжі қалалық қоғам қауіпсіздік мекемесіне қоңырау шалып, осы іс туралы сұрағанында қарсы жақ телефонды үзе салды.

ChinaAid тілшісі Ришарт

Abai.kz

 

18 пікір