Түркия мен БАӘ әскери компаниялары Қазақстанда БК құрмақшы
Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ - Түркияның қорғаныс Aselsan мердігердік және International Golden Group (БАӘ) компаниялары Қазақстанда бірлескен кәсіпорын (БК) құрмақшы, деп жазады таяушығыстық БАҚ-тар.
Бірлескен кәсіпорын биылғы жылдың бірінші жартысында іске қосылмақшы. Aselsan-да 49% және IGG - 51%.
Кәсіпорын БАӘ мен Парсы шығынағы елдерінің мұқтаждықтарына жұмыс істейтін болады. Кәсіпорынның жұмыс саласының егжей-тегжейі әзірге ашылмай отыр.
Aselsan сондай-ақ Қазақстан үкіметімен БК құру туралы жеке келісімшарт әзірлеп жатқанын мәлім етті. Жаңа БК-дегі Қазақстан үлесі - 50%, Aselsan - 49% және 1% Түркияның қорғаныс өнеркәсібі комитетіне тиесілі болады.
Бұрын хабарланғандай, 17-ші ақпанда «Қазақстан инжиниринг» АҚ басшылығы Aselsan компаниясының басшыларымен кездесу өткізді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Aselsan арасында 2010-шы жылы 27-ші мамырда жоғарғы технологиялар саласының заманауи жетістіктерін пайдаланатын жаңа жоғарғы технологиялық өндірісті құру туралы меморандумға қол қойылған. Жобаның құны шамамен $40 млн. Жоба зауыт құрылысын салу, оған жоғарғы білікті 100-175 маман алуды қарастырады.

Aselsan 1975-ші жылы құрылған, радар, байланыс жүйесі, көздеу жүйелерін, жаппай хабарландыру құралдарын, авионика мен РЭБ жүйелерін, қос мақсаттағы оптикалық аспаптар, ақпараттық-басқару жүйелерін, қосарланған мақсаттағы зымыран қаруының микроэлектроникасын жасауға мамандандырылған.
IGG Біріккен Араб Әмірлігіндегі қорғаныс қаруын өндіруші болып табылады.