Құжатта Ресейдің Қырымды аннексиялауы, Украина шығысындағы тұрақсыздық, НАТО елдеріне жақын шекараға әскери техникаларын орналастыру және сайлауға араласу әрекеттері аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр деп айтылған. Сонымен бірге Британия шешіміне сәйкес, Солсберидің улануының артында да Ресей тұр деп біледі.
Декларацияда Ресейден Грузия, Молдавия және Украина аймағынан әскерін шығаруды, Украинаның Шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетуді және Минск келісімін орындауды талап етеді. Соған қарамастан НАТО елдері егер Ресей пиғылын өзгертетін болса, қарым-қатынасты жақсартып, Мәскеумен диалогқа келуге дайын екенін жеткізген.
Құжатта сонымен бірге НАТО елдерінің қорғаныс шығынын арттыруға талпынысы бар екені, кемінде жалпы ішкі өнімнің екі пайызын жұмсауға ниетті екені айтылған. АҚШ президенті Дональд Трамп одақтастарын қорғаныс саласына бөлінетін қаржыға қатысты сынап келген.
Abai.kz