Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3991 1 пікір 16 Шілде, 2018 сағат 12:09

Шымкентте айып тұрағында 45 көлік жанып кетті

Шымкентте бүгін түнде айып тұрағында шыққан өрт салдарынан ондаған автокөлік жанып кеткен. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жергілікті агенттіктер хабарлады.

"Өрт салдарынан айыппұл салынған 10 автокөлік пен жарамсыз деп танылып, жойылады деп қойылған 35 машина жанып кетті" деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

Мамандардың болжамынша, өртке айып тұрағындағы "КАМАЗ" маркалы жүк көлігінің тұтануы себеп болған. Кейін тұрақтағы жеңіл автокөліктер мен сол жерге жақын орналасқан екі қабатты жихаз цехының шатыры жанған. Өрттің жалпы аумағы 294 шаршы метрді құраған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің мәліметінше, түнгі сағат бірден кете шыққан өрт екі сағатқа жуық уақыттан кейін толық сөндірілген.

Айып тұрағындағы өрттен адамдар зардап шекпеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1351
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2927
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1003
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 937