Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
5025 0 пікір 16 Шілде, 2018 сағат 12:11

Франция - әлем чемпионы

Ресейде футболдан әлем чемпионаты соңына жетті. Финалда Франция құрамасы Хорватияны жеңді. Мәскеуде өткен финал 4:2 есебімен аяқталды.

Биылғы чемпионатының қоласын Бельгия иеленді. Олар үшінші орынға таласта Англияны жеңді – 2:0.

Франция екінші рет әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл ел 1998 жылы әлем чемпионы атанған. Ал 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Италиядан жеңілген. Ал Хорватия алғаш рет әлем кубогының финалына шықты. Бұл ел 1998 жылғы әлем чемпионатында қола медаль алған. Сол кезде жартылай финалда Франциядан жеңілген еді.

2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында 32 команда ойнайды. Катардағы турнир қараша мен желтоқсанда өтпек. Ал 2026 жылы АҚШ, Канада, Мексика бірігіп ұйымдастыратын әлем біріншілігіне 48 команда қатысады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1011
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675