Сенбі, 23 Қараша 2024
3438 0 пікір 16 Шілде, 2018 сағат 12:12

Түркіменстанда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды

Түркіменстан астанасында және облыс орталықтарында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салды. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, түркімен билігі сауда нүктелерінен алкоголдік ішімдіктерді тәркілеумен айналысып жатыр.

Спиртті сусындармен күрес 5 шілдеде "Түркіменстанда 2018-2024 жылдарға арналған алкогольдің зиянды әсерімен күрес" ұлттық бағдарламасы қабылданғаннан кейін жүзеге аса бастаған.

Ашхабадтағы шолушы Аманмырат Бугаевтың хабарлауынша, бірнеше дүкеннің иелері спиртті сусындарды тәркілейтінін айтқан.

"Мен 10 шілдеде астанадағы "Мир" базары жанындағы дүкенде алкоголь өнімдерін қалай тәркілеп жатқанының куәсі болдым. Арнайы жұмысшылар келіп, жүктің бәрі көлікке тиеп жатты. Дүкен иелеріне полиция департаментіне баруды нұсқап жаттыр", - дейді Аманмырат Бугаев.

"Түркіменстан хроникасы" басылымы да дереккөзіне сілтеме жасап, күш құрылымдарының барлық сауда дүкендерін тексеріп жатқанын жазған.

Ал Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Түркіменстанда соңғы уақытта спиртті сусындардан улану оқиғасы көбейген. Әсіресе Дашогуз, Лебап және Мары аймақтарында жиі тіркелген. "Елге метил спиртін әкелген секілді. Оны этил спиртімен араластыруы мүмкін. Нәтижесінде көп адам уланған, тіпті кісі өлімі болғаны да айтылады. Сол себептен билік спиртті сусындарды жаппай тәркілеп жатуы мүмкін", - дейді Азатлык тілшісі дереккөзіне сілтеме жасап.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454