Сенбі, 23 Қараша 2024
2989 0 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 10:00

Өзбекстан мен Тәжікстан үкімет басшылары Ферғанада кездесті

Ферғанада 16 шілдеде Өзбекстан мен Тәжікстан үкімет басшылары Абдулла Арипов пен Кохир Расулзоданың жұмыс кездесуі өтті. Делегация құрамында экономика саласындағы министрліктер мен мекеме басшылары болған.

Екі елдің үкімет басшылары өзбек-тәжік президенттері кездесуінің жоғары деңгейде өтуін пысықтаған. Сонымен бірге өзбек басшысы Шавкат Мирзияевтің биыл наурыз айында Тәжікстанға барған сапары кезінде қол қойылған келісімдердің жүзеге асырылуын талқылаған.

«Әртүрлі деңгейде жүріп жатқан екіжақты қарым-қатынас нәтижесі жоғары көрсеткіш беріп жатыр. 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында сауда айналымы былтырғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға өсті», – деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесу барысында Өзбекстан тарабы Тәжікстан президентінің сапары қарсаңында "Тәжікстанда өндірілген" деген көрмені және өзбек-тәжік бизнес форумын елінде өткізуді құптаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446