Сенбі, 23 Қараша 2024
3313 0 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 10:06

"Сапат"мектептерінің ешқандай заңсыз ұйымдармен байланысы жоқ

Халықаралық "Сапат" (бұрынғы атауы "Себат") білім беру мекемесі Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фыраттың мәлімдемесіне жауап берді.

"Сапат" қандайда бір заңғы қайшы немесе экстремистік ұйымға қатысы жоқтығын ресми түрде мәлімдейді. 1992 жылы халықаралық "Сапат" білім беру мекемесі ашылғалы бері, сапалы білімімен кәсіби мамандар мен көшбасшыларды дайындау арқылы, біздің еліміздің дамуына салмақты үлесін қосты", делінген хабарламада. "Біз Қырғыз Республикасының заңдары аясында жұмыс істейміз. ҚР Білім және ғылым министрлігі - "Сапат" құрылтайшыларының бірі. "Сапаттың" барлық білім беру мекемелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына ие. Оқу бағдарламасы мемлекеттік стандарттарға сай және ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген".

Еске салайық, 13 шілдеде Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фырат журналистермен кездесіп, "Себат" ("Сапат") түрік мектептері мен лицейлерін, сонымен бірге Бішкектегі "Ала-Тоо" университетін Гүлен жақтастары құрған деп мәлімдеді. Оның пікірінше, "мұндай құрылымдар әлемнің 171 елінде құрылған" және "2016 жылы шілдеде Түркияда болған жағдай оларда да қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды".

2016 жылы Түркия Қырғызстанда гүленшілердің ықпалы зор деп, үкіметті олардың қызметін доғаруға шақырды. Қырғызстанның сол кездегі басшылығы Анкара өтінішін орындаудан бас тартты. Сол кездегі ел президенті Алмазбек Атамбаев бұған сынмен жауап беріп, түрік билігі Қырғызстанның ішкі ісіне араласты деп мәлімдеген.

Қырғызстанда Гүлен жақтастары ашқан делінетін бірнеше білім, мәдени және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың ең ірісі - халықаралық "Себат" білім мекемесі - 2017 жылы жергілікті ұйым ретінде қайта тіркеуден өтіп, атауын "Сапат" деп өзгертті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450