Сенбі, 23 Қараша 2024
4011 0 пікір 20 Шілде, 2018 сағат 18:21

«Нұр Отан» кітапханалардың жұмысына қан жүгіртетін жаңа жобаны қолға алды

«Нұр Отан» партиясының жаңа жобалары аясында Шымкент қаласындағы «Отырар» әмбебап кітапханасы заманауи коворкинг-орталыққа айналды. Бүгін аталған нысанның жұмысымен партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы танысты.

Орталық жаңа технологиямен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған. Мұнда келушілер арнайы конференц-залда түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізе алады. Одан бөлек, жаңа орталықта демалыс аймағы, кино залы, кофехана, кітап дүкені және еркін пікірталас аймағы бар. Осылайша дәстүрлі кітапханадан жаңа заман талаптарына сай нағыз білім орталығы ретінде қайта жаңғырған нысан қазірдің өзінде жергілікті жастардың жиі бас қосатын жеріне айналып үлгерді.

Осындай коворкинг-орталықтар жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін айтқан Мәулен Әшімбаев оны жастар, соның ішінде жасотандықтар тиімді пайдалануы керектігін тілге тиек етті.

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг-орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алды. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толтыруымыз керек. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, олардың кітап оқуға, сапалы білім алуына жағдай жасау, – деді Мәулен Әшімбаев.

Таяуда ғана республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылған шаһарда партияның бұдан да басқа тың бастамалары сәтті жүзеге асырылуда. Олардың қатарында цифрландыру ісіне үлес қосу, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру, жастардың сапалы білім алып, дені сау ұрпақ болып қалыптасуына жағдай жасау және еліміздегі дәстүрлі кітапханаларды қазіргі заманғы білім орталықтары ретінде қайта құру жобалары бар.

Соған орай Мәулен Әшімбаев Шымкентке сапары барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде «Нұр Отанның» бастамасымен ашылған ІТ-орталыққа және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жұмысын бастаған ІТ-сыныптарға барды. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Әйгерім» арнаулы коррекциялық балабақшасына барып, бұл сала үнемі партияның басты назарында екенін айтты.

Сапар соңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының конференциясына қатысып, алдағы жұмыс бағытын пысықтады. Одан бөлек, жиында партия қалалық филиалының төрағасы болып Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сайланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379