Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3404 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 05:49

Назарбаевтың пікірінше, араб әлеміндегі толқулар қаржы дағдарысының салдарымен байланысты

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта араб әлемінде жүріп жатқан толқулар қаржы дағдарысының салдарымен байланысты деп есептейді.

« Себептердің бәрін әдеттегідей кейін, тарих анықтайды. Бірақ қазір сарапшылардың не айтып жатқанын оқып та, көріп те, естіп те жатырмыз. Мен мұны әлемдік қаржы дағдарысының айқын салдары деп есептеймін», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында.

«Онда (арабәлемінде - ҚазТАГ) жақсы дамып отырған және нашар дамыған елдер бар. Үкіметтер дағдарысқа дайын болмай, жұмсарту шараларын қолға алмағандықтан, халықтың жартысы, негізінен жастар жұмыссыз қалды. Басты себебі - осы», - деді ол.

Бұдан басқа, мемлекет басшысы жағдайды тұрақсыздандыруға «агенттердің ықпалы» да болуы мүмкін екенін айтты. «Ол жақта ықпал ету агенттері де жұмыс істеген шығар. Мұны әлі дәлелдеу керек», - деді Н. Назарбаев.

«Ел ішінде бірлік болса, өзара түсіністік болса, халық үкіметтің өмірді жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын көрсе, қатынас мүлдем басқа болады деп ойлаймын, басқалармен салыстырғанда бұл бізде жақсы жүзеге асып жатыр», - деп есептейді ҚР президенті.

Еске сала кетейік, Қазақстан биыл Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) төрағалық етеді, мемлекет басшысы бұл жағдай еліміздің бұл қызметтегі қызметі барысында ескерілетінін айтты.

«Бұл уақытта Мысыр экономикасының $ 5 млрд жоғалтты, Мысырдан $10 млрд қаржы кетті. Яғни кедейшілік төңкеріс тудырады, ал төңкеріс одан да асқан кедейшілікті тудырады. Кейбір елдер бұрынғы режимдерін аңсайтын болады. Уақыт көрсетеді. Бұл біздің ИКҰ-ға төрағалығымызды қиындата түскені анық, бірақ біз өз жұмысымызды атқарамыз», - деді ол.

Ол «биылғы жылдың маусымында Астанада Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-інші сессиясы өтеді. Осы сәттен бастап Қазақстан ИКҰ-ның аталған саяси органы аясында ресми түрде төрағалыққа кіріседі» деді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051