Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
5957 2 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 18:00

Қытай қорғанының бір бөлігі құлап қалды

Қытай қорғанының жақында қалпына келтірілген бөлігі бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан құлап қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті туризм басқармасы қорғанның бүлінген жерін жөндеу үшін шұғыл шаралар қолданып жатыр. Дәл сол бөлігі қауіпсіздік үшін уақытша жабық.

«Жөндеу жұмыстары қашан бітетіні кейінірек белгілі болады», - дейді шенеуніктер.

Яньмэнь асуы Мин династиясы (1368-1644) кезінде салынған, ол Яньмэнь тауынан солтүстікке қарай 20 шақырымдық жерде орналасқан.

Таяуда Ұлы Қытай қорғанының тағы бір бөлігі құлады. Маусым айында Шаньси провинциясындағы Датундегі қорғанның дұрыс қалыпқа келтірілмегені хабарланған. Ол кезде ескі кірпішке ұқсас заманауи құрылыс материалдары қолданған.

2016 жылы Ляонин провинциясы жақтағы қорғанды қайта қалыпқа келтірген кезде құрылысшылар цемент құйып, оны туристердің жүруіне ыңғайлы болуы үшін деп түсіндірген.

Сарапшылар мұндай жөндеу жұмыстары шығынға батыруы мүмкін екенін айтқан.

Ұлы Қытай қорғаны 21,2 мың шақырымға созылады және ол 15 правинциялы ауданды басып өтеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 776
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740