Теңге өлім аузында...
Біздегі мұнай түссе, доллар көтеріледі деген аңызға бәрін сендіргісі келеді. Анығында бұл жолы мұнай түсіп бара жатқан жоқ, сол 69-73 арасында тұр. Бірақ теңге құнсызданып жатыр.
Доллар көтеріліп жатқан жоқ, сол қалпында. Тек әдеттегідей теңге өлім аузында. Бұған шынайы себепкер Ресей екенін, оған салынған санкция мен онымен одақтасқан экономикалық былжырақтың кесірі екенін біздің билік бірақ ашып айтпайды. Ресейге шаң жуытпайды.
Ресей деген ұйық қой. Өзімен бірге өзгелерді де батырып барады. Одан қолды төбеге қойып, қашудың орнына, біздің бәлдубайлар керісінше істейді. Анау одақсымақтан шығып, рубльмен байланысты экономикалық негізді азайтудың амалын жасау керек. Өлетін болды экономикамыз.
Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz