Сенбі, 23 Қараша 2024
2884 13 пікір 13 Тамыз, 2018 сағат 11:14

Бауыржан Байбек: «Қауіпсіз қала» құруды басым бағыт ретінде белгі­ледік

Өткенде Алматы қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңес жиыны өткен еді. Оған Шаһар басшысы қатысты.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қор­ғауды қамтамасыз ету» тақы­рыбында өткен алқалы жиынға  ҚР Пре­зиденті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің мең­герушісі Алексей Ка­лайчиди,  қала­лық қоғамдық кеңестің мү­шелері, БАҚ өкілдері, қала­­лық құрылымдық бас­қарма басшылары қатысты. Оты­рысты қалалық қоғам­дық ке­ңестің төрағасы Рах­ман Ал­шанов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес алды­мен қала әкімі Б.Байбек ме­га­­полисте атқарылған жұ­мыстар туралы баяндап, ал­дағы міндеттерге жеке-жеке тоқталды.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың 5 институционалдық реформа­сының шеңберінде 2016 жылы құрылған Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның барлық салаларының өкілдерін өз құрамына біріктіріп, бүгінде қаламыз­дың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы, азаматтар­дың әлеуметтік қорғалуы, қоғам қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелерді талқылап, оларды оңтайлы шешу жолда­рын ұсынып келе жатқан бірегей қоғамдық институтқа, мемлекеттің үлкен әріптесіне айналды. Әлбетте, кейбір құқық бұзушы­лықтардың уақы­тылы ашылмауы қоғам­ның қорқынышы мен азаматтардың қаупін арттыра түсетіні заңды құбылыс.

Біз, елімізде тұңғыш рет қала тұрғын­­дарының, Сіздердің арала­рыңыздағы көптеген белсенділердің қатысуымен кең талқылана отырып қабылдаған «Алматы-2020» даму бағдар­ламасында «Қауіпсіз қала» құруды басым бағыт ретінде белгі­ледік. Бағдарлама бекітілгеннен бастап біз осы бағытта өздеріңізбен ақылдаса отырып, келелі жұмыс атқарудамыз. Ең басты мақсатымыз – қарапайым азамат­тардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – бар­шамыздың ел-жұрт алдын­дағы азаматтық борышымыз, қызметтік міндетіміз, – деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, шаһар басшысы қыр­шын кеткен жас спортшы Денис Теннің рухына тағзым ретінде қалада қандай нысандар пайда болатынын және Алма­тыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атын­дағы турнир ұйымдастырыла­тынын тілге тиек етті.

–  Денис Теннің қазасы бүкіл қазақ­­стандықтарды дүрліктіріп қана қоймай, біріктірді. Мен Денистің ата-анасымен екі рет әңгімелестім. Алдың­ғы күні тағы да жүздестім. Қала әкімдігі мәнерлеп сырға­наудан Денис Тен атындағы турнир ұйым­дастыратын болды. Халықаралық додаға жас спорт­шылар қатысады. Алматы  – қысқы спорттың орталығы. Сондықтан мұндай турнир қалаға керек, – деп аяқ­тады сөзін Б.Байбек.

Алдағы уақытта Денис Теннің рухына арнап спортшы көз жұмған жерге ескерткіш орнатылады.

– Біз ескерткіштің ең озық үлгісін анықтау үшін мүсіншілер арасында байқау жариялаймыз. Қазір осы бағытта Денис Теннің туыстарының қаты­суымен комис­сия құрылды. Сон­дай-ақ, Денис Тен туған үйге ескерткіш тақта орнатылып, кітап жазылады, – деді әкім.

Шаһар басшысының айтуынша, Денис Теннің туысқандарында ол туралы барлық мәлімет бар. Оны кітап етіп жазу үшін барынша қаржылық көмек көрсетілмек. Осы мәселелердің барлығы қала әкімінің жеке бақыла­уында болады.

Құқық қорғау органдарының кейбір бӨлімшелері оңтайландырылады

ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің мең­герушісі Алек­сей Калайчиди Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың тапсырма­сымен елі­мізде құқық қорғау жүйесі жаңғыр­тылып жатқанын мәлім­деді.

– Мемлекет басшысының 30 ма­мыр­дағы Қауіпсіздік кеңесіндегі тап­сыр­масына сәйкес үш жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс топтары құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртумен айналысады. Қарулы күштер құрылы­мын реформалау – өте күрделі процесс. Бұл процесс өте терең талдауға негіз­делуі тиіс. Заман бір орында тұрмайды. Кеше тиімді болған нәрсе бүгін қажеті жоқ болуы мүмкін. Қоғамдық кеңес мүшелеріне айтқан ұсыныстары үшін алғыс айтамын, – деді Алексей Калайчиди.

Сонымен қатар, ҚР Президенті әкім­шілігінің құқық қорғау жүйесі бөлі­мінің меңгерушісі елімізде жүргізіліп жатқан ҚР ІІМ реформалау барысында полиция қызметкерлерінің KPІ көрсет­кіші қайта қаралатындығын мәлімдеді.

– Полиция қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері қайта қаралатын болады. ІІМ реформалау тек идеялар мен ұсыныстар жиынтығы ғана емес екенін түсіну керек. Реформаның өзі Грузиядағыдай түбірімен өзгеріс немесе белгілі бір нүктелер ғана өзге­руі мүмкін дегенді білдіреді. Әр мәсе­лені біз жан-жақты талдап, талқылауымыз, зерттеуі­міз керек. Қазір жұмыс тобы сонымен айналысып жатыр. Үнемі шетелге шығып тұрамыз, – деді А.Ка­лайчиди.

Алдағы уақытта құқық қорғау орган­дарының кейбір бөлімшелерінде оңтай­ландыру шарасы жүрмек. Бүгінде жұмыс тобы функционалды талдау жасау­мен, шетелдік тәжірибені отандық жүйемен салыстыру арқылы қаржылық шығын­дарын есептеумен айналысып жатқан көрінеді. Алексей Калайчидидің айтуынша, жаңа тәртіп бойынша бөлімшелердің көрсеткіші төмен болса немесе қоластын­дағылар сыбайлас жемқорлықпен айна­лысатын болса, жетекшілер қызметінен кететін болады. Бұдан өзге, полиция қызметкер­лерінің қаржылық жағдайы мен әлеуметтік қорғалуына қатысты есеп­теу­лер де жүргізіліп жатыр.

Пәтер жалдайтын азаматтар тексеріледі

Қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев­тың айтуынша, мегаполисте пәтер жалдап тұрып жатқан азамат­тарды тексеру жұмысы күшейтілмек.

– Жүргізілген талдауларға сәйкес, болған қылмыстардың 31 пайызын сырттан келгендер жасайды екен. Қылмыс­тық ахуалды бақылауда ұстау мақса­тында пәтер жалдау­шылар енді кешенді әрі жоспарлы түрде тексеріліп тұрады. Оның ішінде шетелдіктер тұратын жатақханалар, қонақүйлерге де поли­ция жиі бас сұғып тұрмақ, – деді С.Күдебаев.

Жалпы, жыл басынан бері 103 мың құқық бұзушыға 637 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. ІІД басшысы Серік Күдебаевтың айтуынша, ІІД-нің басты міндеті  – полицейлер арасындағы қыл­мысты азайту.

– 2017 жылы 457 қызметкер жұмыс­тан қуылды. Олардың 10 пайызы сыбайлас жемқорлық бойынша айып­талса, 1 833 қызметкер – тәртіптік, 32 қызметкер – қылмыстық жауапкерші­лікке тартылды. Сондай-ақ, қалада Ала­тау және Наурызбай аудандарының пайда болуына байланысты биыл Алматы ІІД штаттық бірлікті көбейт­пек, – деді С.Күдебаев.

Ал Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев шаһардағы қылмыс туралы статистикалық деректерді келтірді.

– Алматыда ішкі және сыртқы көші-қон көрсеткіштері артып келеді. Бүгінде құқықбұзушылықтың 20 пайы­зы Алма­тыға тиесілі. Қылмыстық жауап­кершілікке тартылғандардың 31 пайызы өзге өңірден келгендер, – деді Б.Жүйріктаев.

Сонымен қатар, прокурордың айтуын­ша,  қалада адамның жеке басына жасал­ған қылмысқа қарсы күрес әлі де қана­ғаттанарлық деңгейде емес екен. Мұндай қылмыстар 4 пайызға, тонау­шылық 18 пайызға артқан. Ал  көлік ұрлау дерегі 9,5 пайызға көбейіпті. Бүгінде кәмелеттік жасқа толмаған­дардың арасындағы қыл­мыс 6 пайызға артыпты. Жыл басынан бері 2,5 мың жол оқиғасы тіркелген. Онда 3 мың адам жапа шексе, 75 жағдай қайғылы жағ­даймен аяқталған. Сәйкесінше, пәтер тонау 31 пайызға,  ұялы телефон­дарды жымқыру 14 пайызға қысқа­рыпты.

Сонымен қатар, Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың айтуынша, аса ауыр қылмыс, яғни  қинау сияқты қылмыс жасаған­дарға ізгілендіру туралы заңның шарапаты тимейді. Ал одан басқаларға балама жаза ретінде қоғамдық жұмыстар қарасты­рылады. Мәселен, сотталғандар көшелерді абаттан­дырып, көгалдан­дырып, қоғамға пайдасын тигізетін болады. Сонымен қатар, Жүйріктаев пробация қызметі соттал­ған­дарды қайта әлеуметтендіру бағытында нақты әрі анық жұмыс атқаруы тиістігін айтты.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456