Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4378 0 пікір 13 Тамыз, 2018 сағат 11:19

«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті

Алматыда «2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы» аясында жастарға арналған «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті, мұнда 35 жасқа дейінгі жастарға жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем беріледі.

Тұрғын үй комиссиясының шешімімен бағдарламаға қатысушы 200 адам анықталды, олардың барлығы «Алматы Жастары» бағдарламасының іріктеу шарттарынан ойдағыдай өтіп, «Тұрғынүйқұрылысбанкінің» іріктеуіне ие болды. Осыған қатысты тізім www.almaty-zhastary.kz порталында жарияланды.

«Алматы Жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2017 жылы басталды. Сол кезде жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген болатын. Түскен 6657 өтініштің 108-і тұрғын үй заемдарын алды. 2018 жылы «Алматы Жастары» жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.

«Алматы Жастары» бағдарламасының құндылығы төмен проценттік көрсеткіште, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 10 млн. теңгеге дейін заем беріледі. Несиені қайтару мерзімі әркімнің төлеу қабілетіне қарай жеке жүргізіледі, 3-тен 25 жылға дейін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1113
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2648
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736