Сенбі, 23 Қараша 2024
3404 19 пікір 15 Тамыз, 2018 сағат 08:30

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жөніндегі заң жобасын жариялады

АҚШ Конгрессінің ресми сайтында сейсенбі күні Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жөніндегі жаңа заң жобасы жарияланды. Құжатты Линдси Грэм бастаған сенаторлар тобы әзірлеген.

"Кремль агрессиясынан Америка қауіпсіздігін қорғау туралы заң" деп аталатын құжат АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей лидері Владимир Путинмен 16 шілдеде Хельсинкиде кездесуінен кейін әзірленді. Бұл саяси мәлімдемелер мен Ресей әрекетіне жауап ретінде бірқатар нақты қадамдардан тұрады.

Заң жобасында Құрама Штаттар 1940 жылы қабылданған Совет Одағының Балтық елдерін аннексиялауын мойындамау жөніндегі декларация үлгісі бойынша Ресейдің Қырым аннексиясын мойындамайтыны айтылған. Сонымен бірге құжат АҚШ президенті әкімшілігіне елдің НАТО құрамынан шығуына бағытталған қадамдар жасауына тыйым салады.

Заң жобасының бөлек тарауларында химиялық қару қолданғаны үшін (Британияның Солсбери қаласында Сергей және Юлия Скрипальдың улануына қатысты), кибершабуыл және 2016 жылы АҚШ президенті сайлауына араласқаны үшін Ресейге жауапкершілік жүктеледі. Мұнда сонымен бірге Ресейдің Сирияда әскери қылмыс жасауы мүмкіндігі де айтылған.

Құжатта ол қабылданғаннан кейін, 180 күн ішінде АҚШ президенті "Ресей президенті Владимир Путиннің мүддесі үшін заңсыз және коррупциялық әрекетке барып жатқан саясаткерлер мен олигархтарға және Путинмен байланысы бар адамдар мен ұйымдарға қарсы санкциялар енгізілуі тиіс.

Құжат ресейлік егеменді қарызға байланысты транзакцияға шектеу қоюды көздейді. АҚШ-та Ресейдің Сбербанк, ВТБ, Внешэкономбанк және Газпромбанк секілді ірі банктерінің жұмыс істеуіне тыйым салыну қарастырылған.

Заң жобасында АҚШ-тың ұлттық барлау қызметі 180 күн ішінде Конгресске Владимир Путин мен оның отбасы мүшелерінің жеке активтері жөнінде мәлімет беру керектігі айтылған.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін 90 күн ішінде мемлекеттік хатшы Конгресске Ресей "терроризмді қаржыландыратын мемлекет" өлшемдеріне сәйкес келетіні, не келмейтіні жөнінде пікір білдіру керек.

Бұл заң жобасы қашан қаралады, әзірге белгісіз. Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы заң жобасы былтыр Конргесстегі екі палатада көпшілік дауыспен қабылданған.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487