Жексенбі, 11 Мамыр 2025
3114 1 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 10:07

ШЫҰ мемлекеттері қарулы күштерінің әскери қызметшілері «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуының өткізілу орнына баруда

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия» бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалу шеңберінде Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері ҚР аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына қозғалуды жүзеге асыруда.

Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына ШЫҰ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды. Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумақ бөлігін басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған.

ҚР Қарулы Күштерінің эшелондарын а.ж. 18 тамызда оқу-жаттығудың өткізілу орнына жіберу жоспарлануда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2100
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3618