Сейсенбі, 18 Қыркүйек 2018
418 0 пікір 17 Тамыз, 2018 сағат 11:57

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы аулалардың жартысынан көбі жөндеуден өтті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс барысында Түрксіб ауданының коммуналдық-шаруашылық инфроқұрылымын қалпына келтіру қарқынын тексерді. Егер өткен жылы мұнда 80 аула жаңартылса, биылғы жылы 130 ауладан асып отыр. Осылайша, тек екі жылда қаланың көне ауданында барлық аулалардың жартысы жаңартылды, - деп хабарлайды Абай-Ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бауыржан Байбек Б.Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылының тұрғындарымен кездесу барысында қала инфроқұрылымды модернизациялау аясында 524 көше мен 800 километр инженерлік жүйелер жөндеуден өткенін айтты. Жыл аяғына дейін 80% дейін жаңа автобустар саны көбейетін болады.

«Алматы – бұл қала орталығы ғана емес. Қаланың барлық аудандарының жайлы және қауіпсіз ортаға құрылуы - біз үшін абсолюттік басымдылық. Қаладағы барлық жерасты өткелдерінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бейнекамералар қойылуда. Үш жыл ішінде 700 мың адам тартылып, 1400 аула көріктендірілді. Соңғы бірнеше жылда біз Алматының барлық аулаларын жөндеуден өткіземіз», - деп атап көрсетті қала әкімі.

Жаңартылған аулаларда балалардың спортпен айналысуы үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында жаңа балалар және спорт алаңдары, тренаржер мен ойын жиынтықтары қойылды. Жасыл желек алаңқайлары көбейтілді, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері пайда болды, асфальтті және резина жабындылар орнатылды. «Қауіпсіз қала» аясында жарықтандыру тіректері жаңартылды. Олар пилоттық режимде күн сәулесімен жұмыс істейді.

Жыл аяғына дейін тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылықты модернизациялау бойынша тағы да 174 үйдің қасбеттері, шатырлары мен подъездері жөндеуден өтетін болады, 226 лифт ауыстырылады.

Қаланың тарихи орталығының қайта құрылуы жалғасады. Егер өткен жылы Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Бәйсеитова көшелері мен «Астана» алаңы жаңартылса, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даңғылдары, «Алматы-2» вокзал маңының аумағы және Республика Сарайының алдынағы алаңды жөндеу қамтылып отыр.

Abai.kz

0 пікір