Сенбі, 23 Қараша 2024
3478 6 пікір 20 Тамыз, 2018 сағат 09:11

Прокуратура Әблязовті Тәтішевтің өліміне күдікті етті

Қазақстан Бас прокуратурасы қуғындағы банкир, оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовке қатысты тағы бір мәлімдеме жасады. Құзырлы органның ресми сайтында жарияланған ақпаратта "Әблязов «БанкТұранӘлем» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін күдікті" екені жазылған.

Прокуратура дерегінше, "ол пайдакүнемдік ниетпен М.Тоқмадимен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қасақана қылмыс жасаған болуы мүмкін".

Бұған қоса хабарламада "осыған дейін күдікті М.Қ. Әблязов жауап алу және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін 16 тамызда Бас прокуратураға шақырылғанын еске саламыз. Алайда, белгіленген уақытта ол келген жоқ, келуге тосқауыл болған себептерін түсіндірген жоқ" деп көрсетілген.

Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп өлген. Сол кезде бұны сот "жазатайым оқиға" деп танып, банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті "Тұран Әлем" банкін иеленуді көздеген "Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім" деген. Сот оны 2018 жылы он жарым жылға соттады.

Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілерде Тәтішев өліміне еш қатысы жоғын, Тоқмәдимен таныс емес екенін мәлімдеген. Ол 2009 жылдан бері шетелде тұрады, өзіне қатысты барлық айыптаулардың саяси себебі бар деп санайды. Қазақстан соты Әблязовті "қылмыстық топ құрды" және "ақша жымқырды" деп, 2017 жылы сырттай 20 жылға соттаған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435