Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Ақмылтық 9009 13 пікір 20 Тамыз, 2018 сағат 10:34

«Бармақ басты, көз қысты» мінезден қашан арыламыз?

Университет ректоры ретінде менің қабылдауыма адамдар әр түрлі сұрақтармен келеді.

Соның ішінде түрлі лауазымды қызмет атқарып отырған адамдар, құқық қорғау мекемелерінің өкілдері жəне т.б. бар. Олардың дені: "Емтиханның бағасын қойғызып берсеңіз", "Тест тапсыру кезінде тексермей кіргізуге әрекет жасап берсеңіз", "Студент тәртіп бұзып оқудан шығып кетiп едi, алайда оқуда қалуына кɵмек кɵрсетсеңiз (т.б.) ..." деген өтініштерін айтады. Олар «бұл мәселе заң аясында бекітілген ережеге сәйкес қана шешіледі» деген жауапты ренішпен қабылдайды.

Осындай жағдайлар мені түрлі ойға қалдырады. Мысалы: Бұл адамдар мемлекеттiк қызметте жұмыс iстейдi. Әрине, заңның бәрін біледі. Бірақ өз жақындарына келгенде, неге заңды айналып өтуі керек? Жастар осындай әрекеттерді көріп бұзылмай ма? Аға буын ретінде жастарға «бесіктен» әділдікті үйретуді неге ойламаймыз?

Меніңше, қоғамда тәртіп орнатып, болашағымызға шын жанашырлық көрсеткіміз келсе, жаңаруды өзімізден бастауға тиіспіз! Осындай «бармақ басты, көз қысты» мінезден қашан арыламыз?

Ақылбек Күрішбаев, 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ректоры

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2521
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660