Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3978 2 пікір 20 Тамыз, 2018 сағат 12:48

Ұлттық мəдениеттің пассионарлық қуаты болуы міндетті

Ұлттық мəдениеттің пассионарлық қуаты болуы міндетті. Ол ұлт мәдениетінің айшықты келбеті болғанда ғана түзіледі.

Біз қазір домбыраға үміт артамыз, соған салмақ саламыз...Домбыра ондай жауапкершілікке шыдап бере ала ма? Оны ойламаймыз.

Оның қатарында тұратын Əн өнерін шоумендер дискредитациялап жіберді. Тойға, биге арналған үш-төрт нотадан ғана тұратын дыбыс вариантына құрылған əндер шешендер секілді нағыз жігіт болуға тəрбиелемейді.

Ұсталық өнер Қытай бақалшыларымен бірге келмеске кетіп барады.
Көкпар, атшабыс өнері бұқаралық сипатқа ие емес. Аздаған элитаның лототронына айналды десе болады. 

Би өнерінде ұлттық нақыш анықталмаған. Біздің билер негізі қыз қылықты.
Әдебиеттің ықпалы да соңғы жылдары көмескіленді.

Мұндай пессимизм қайдан? 

Оның себебі :

1. Ұлттық болмыс туралы ойланбай, ұлттық дамудың стратегиясы əлсіздігінде.

2.Ұлттық педагогика мен мәдениет, мәдениет пен дəстүр арасындағы синкретизмнің болмауы. 

3. Рухани əлемімізге еніп жатқан бөтен элементтерге ұлттық мәдениет тұрғысынан сараптаудың жоқтығы. 

4. Мəдени - рухани дамудың стихия жетегінде қалуы.

5. Ұлттың өз замана мүмкіндігін қабылдай алмағаны. 

6. Ұлттыұ сананың Ұлттық тұтастыққа жете алмауы.

Одан өзге де екінші қатардағы себептерге тоқтамадым.
Ол көп уақытты алар еді...

Әбдірәшит Бәкірұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435