Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5240 55 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 18:32

Мәулен Әшімбаев: Баспана кез келген отбасы үшін болашаққа салынған инвестиция

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы қазірдің өзінде өз жемісін беріп, халық игілігін молынан көріп жатыр. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болған азаматтардың қуанышында шек жоқ. Елбасы бұл бастамалардың жүзеге асырылу барысына қоғамдық бақылау жүргізуді «Нұр Отан» партиясына тапсырғаны белгілі. Соған орай партия Төрағасының Бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысында атқарылған жұмыстармен танысып, аталған бағдарлама арқылы баспаналы болған отбасыларымен кездесті.

Мәулен Әшімбаев Елбасының бес бастамасы дер кезінде жарияланған маңызды бағдарлама екенін айтып, осы бағыттағы жұмыстар партияның басты назарында екенін жеткізді.

– Қазіргі кезде баспана ең өзекті мәселелердің бірі екені сөзсіз. «7-20-25» бағдарламасы сол мәселені тиімді шешуге бағытталған маңызды бастама. Әсіресе жас отбасылар үшін үлкен мүмкіндік. Баспананы кез келген отбасы үшін болашаққа салынған инвестиция десек те, артық бола қоймас. Осылайша Елбасы барша қазақстандықтардың үйлі болуына даңғыл жол ашып, ипотекалық несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Осы сапар нәтижесінде бес бастаманың Шығыс Қазақстан облысында табысты жүзеге асырылып жатқанына куә болдық. Алдағы уақытта да партия бұл жұмыстарды бақылауды жалғастыра береді, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев бес әлеуметтік бастаманың төртіншісі – шағын несие беруді көбейту ісінің жүзеге асырылуын қадағалау үшін Өскемендегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Ол жерде өз ісін өркендету үшін шағын несие алып, жұмыс істеп отырған кәсіпкерлермен кездесіп, Президент бастамасының маңыздылығына назар аударды. Бүгінде облыс бойынша шағын несиені көбейту үшін қосымша 1,7 млрд. теңге бөлінген. Ал қаржыландырудың жалпы көлемі 4,9 млрд. теңгені құрап, нәтижесінде 377 адам қолжетімді шағын несие алған. Кәсіпкерлермен кездесуінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған партиялық жобалар туралы айтып берді.

Сапар барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары мектеп мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз мәслихатына қатысып, ұстаздарға «Нұр Отанның» білім беру ісіне қатысты бірқатар тың бастамаларды қолға алғанын жеткізді.

– Партия Елбасының тапсырмасына сәйкес өз қызметін жаңғырту жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осы бағытта білімді ұрпақ тәрбиелеу ісіне де қатысты көптеген жобаларды қолға алдық. Соның ішінде мектеп оқушыларына болашақтың мамандықтарын оқыту мақсатында ІТ-сыныптар ашу ісін жүргізіп жатырмыз. Одан бөлек, жастарымыздың дұрыс тамақтанып, саламатты өмір салтын ұстануын да партия басты назарда ұстап отыр. Осындай игі істерді табысты жүзеге асыруда ұстаздар қауымының да рөлі ерекше екені сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

55 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343