Нағыз өзгерістер керек қоғамға...
Соңғы кездері біраз елдің басшыларының қарапайым киіммен, өзін халықтың өкілі ретінде күнделікті өмірлерінің еш жасандылықсыз өмір сүрген видеолары таралып жүр.
Сол елдерде нағыз әлеуметтік саясаттың иісін өзінен бастайтындары ұнайды.
Бізде қай бір әкім келсе халықтың көзайымына айналу үшін велосипедке мініп өмір бойы жұмысына солай бара қоятындай пияр жинайтын қылықтарының аяғы сұйылып, ақыры мазаққа айналып кетеді. Бұл құндылықтың жоқтығы.
Дамыған мәдени көзқарасы жоғары елдерде "демократияны орнатқың келсе, өзіңнен баста!" деген қағида қандарына сіңген. Бастадың ба құндылықтарыңнан айныма. Бізде жай ширма.
Бірақ халық та ақымақ емес қазір. Кеше Елбасы да айтты ғой, "халықты өзімізге қарсы қоймауымыз керек!" деп.
Кезінде Сыр өңіріне жетімдер үйінде өскен, халықтың ыстық ықыласында қалған Әуелбеков деген басшы болған. Сол кісі өңірге келіп, оған қора-жайымен екі этаждық қала ортасынан "сәбилер үйін өзіңізге баспана етіп алыңыз" дегенде, "бұл балалалар үйі, қажеті жоқ, қарапайым этаж тамнан да пәтер болады!" деген екен. Ол кісі жайында адамгершілігі, рушылдыққа қарсылығы, іскерлігі туралы талай әңгімелер бар.
Негізі басшы, әкім қаны халқым деп тұрмаса, ол басшы емес, ол жай ғана жалдамалы қызметкер. Жалдамалылар кез-келген жағдайда тайқып, сатып, мойнына алмай шығады. Осы қауіпті.
Өз басым кабинетінен шықпайтын басшыны сыйламаймын. Ол өз орынбасарларының артында тығылатын, бос белбеу біреу.
Сондықтан, әлем, уақыт өзгеріс үстінде, халықтың, қоғамның көзі ашық, тек бақылап шыдап бағуда. Қазаны қайнап тұр. Мәселе сол қазанды тасытпай берекелі ұстап тұруға "дұрыстар", "мықтылар" қажет.
Командалық жүйе өзгерген жоқ. Қай басшы келсін, өзімен мұрнына иісі бармастарын ертіп жүру әлі сақталған.
Нағыз өзгерістер керек қоғамда...

Мақсат Жақаудың facebook парақшасынан
Abai.kz