Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4572 12 пікір 6 Қыркүйек, 2018 сағат 10:07

Тасыған төгіледі...

БАҚ-да Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя алдымыздағы 15 қыркүйекте Саул Альвареспен өтетін жекпе-жегінің алдында Г.Головкин Қазақстан Әнұранын орындау рәсімінен бас тартқанын хабарлады. Бұл –асылық. Бұл - Отанынан бас тарту. 
Осы жекпе-жекке Головкин өзіндегі бар жеңіс белбеулерін түгел бәске қоятынын жеткізген. Басы басталғанның аяғы да болады. Головкин өзінің жеңісіне өте сенімді. Алайда өмірдің заңы солай: түптің түбінде сенен де мықты шығады. Головкиннің Қазақстан Әнұранын орындаудан қашуы менің оған деген күллі құрметімді жойды. Түн ішінде, таңға жуық ұйқымнан қалып телебізірге телміртетін Головкинге жанкүйерлік Өз елімнің жеңісті Әнұранын естуге құштарлық болатын. Орыс Головкин мен қазақ мені тек осы Әнұран ғана байланыстыратын.
Енді ол маған Қазақстандағы орыс диаспорасының жай ғана өкілі. «Басқа пәле – тілден» деген. Түлен түрткен екен екен. Енді өз тәлейінен көрсін.
Жанкүйерлер қатарында қазақтар сирейтіні кәміл. Алла тағала қалған баршамызды асылықтан сақтасын!

Марат Байділдаұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377