Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4546 12 пікір 6 Қыркүйек, 2018 сағат 10:36

Ешкім өз баласына зорлап дін қабылдатуға қақысы жоқ

Орамал мәселесі бүгін ғана болып отырған жоқ қой. Егер қазір шешілмесе әрі қарай үлкен мәселеге айналады. 6 жасар қызды орамалмен қаптап мектепке жіберудің логикасын ұғына алмай-ақ қойдым. Дәл сол қыздарын мектепке орамалмен жіберетін ата-аналар - барып тұрған эгоист һәм балаларын еш ойлағысы келмейтін адамдар деп есептеймін. Өзіңіз ойлап қараңыз, бүкіл мектептегі қыздардың шашы ашық жүреді. Олардың көбі діни мәселелерден хабары да жоқ. Сыныпқа басы оранған өздерімен қатар қыз кіріп келеді. Не істейді ол балалар? Әрине, ол орамалды қыздан алыс жүретін болады. Оның үстіне үйіне барып болған жағдайды айтса, кәдімгі қыздардың әке-шешелері "Ойбай, жолама ондайларға" дейді. Нәтижесінде, енді ғана мектепте барған кішкентай қыз қоғамнан оқшауланып, өзін бөтен сезініп депрессияға ұшырай бастайды. Ал, ол кезең балалардың қалыптасу кезеңі екенін ескерсек, әлгі қыздың болашағы қандай боларын ойлай беріңіз. Ол қыз болашақта ешкіммен араласпайтын болады. Есейген кезде қоғам оны қабылдағанымен, баланың санасында қалып кеткен комплекс пен реніштің соңы неге апаратынын есептей көріңіз...
Медреседе оқып шыққан соң, есейе келе көпшілік сыныптастарымызбен жолығып көрдік. Соның барлығы да кезінде максимум тақуалыққа ұмтылған жастар еді. Бірақ, сол қысымнан шыққан бойда бәрі өзгерді. Сіздерге айтайын, үлкен өмірге қадам басқан кезде, сол кезеңдегі діндар балалардың ішіндегі қысым көріп өскендері еең қуып кететіндердің қатарында болады. Кәдімгі жастар жасауы мүмкін күнәләрді он еселеп жасап, іштей жарылады. Ешкім өз баласына зорлап дін қабылдатуға қақысы жоқ. Дін әр адамның ақылы толысып, саналы түрде қабылдауы яки қабылдамауы тиіс нәрсе болуы керек.
Сондықтан, мектепке орамалсыз кіргізу - мемлекеттің қылмысы емес. Мектепте орамалмен жіберу - ата-ананың қылмысы. Һәм ол үшін жауап беруі тиіс сол ата-аналар.
Әрине, барлығымыз ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болуын һәм адами қалыптан таймас ізгі жандар болып қалыптасуын қалаймыз. Дегенмен, тәрбие деген бір тұтам орамалмен берілмейді. Ол адамның санасында берілетін/қалыптасатын экосистема. Өздері әлі өмір көрмей, болмысы жай ғана діни романтикаға ұшыраған ата-ананың ақымақтығынан жас балалардың өмірі бұзылмасын!

Садық Шерімбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373