Сенбі, 23 Қараша 2024
3337 0 пікір 6 Қыркүйек, 2018 сағат 11:50

Гүлшара Әбдіқалықова ауған әйелдерінің құқығын қорғау жөніндегі конференцияға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты өңірлік конференцияға қатысты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру, өңірлік бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған жәрдемі аясында ұйымдастырылды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Г.Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларға Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Онда Қазақстанның Ауғанстанда бейбітшілікті тезірек орнатуға көмектесуді жақтайтыны айтылған, сондай-ақ әйелдердің жағдайын жақсарту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және бейбіт өмірге қол жеткізу жолындағы Ауған Үкіметінің қадамдары жоғары бағаланған.

Г.Әбдіқалықова Ауғанстанды Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысқа тартудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Мемлекеттік хатшы Ауғанстандағы және тұтас өңірдегі нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыру мақсатымен халықаралық бизнес өкілдерінің кеңінен атсалысуы арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Бұл Ауғанстан әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Конференция қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданды. Құжатта Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және жалпы Орталық Азия елдерінде негізгі гендерлік үрдісті ілгерілету ісіндегі өңірлік өзара іс-әрекеттің бағыттары айқындалған.

Мемлекеттік хатшы конференция аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Әйелдер комитетінің төрайымы Т.Нарбаевамен, сондай-ақ Ауғанстан делегациясының басшысы – Ауғанстан Ислам Республикасының Әйелдер істері жөніндегі министрі Д.Назаримен екі жақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Қазақстанның Өзбекстанмен, Ауғанстанмен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы және перспективалары талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407