Жексенбі, 4 Мамыр 2025
4810 1 пікір 6 Қыркүйек, 2018 сағат 12:42

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

КешеАстана қаласында «Қазақконцерт» МКҰ-да Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының көрнекті қоғам қайраткерлері, шығармашылық және зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Мерекелік шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты мерекелік іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК-ның ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ақындар байқауы қатысушыларының «Елбасы және Елорда» өлеңдер жинағының  тұсаукесері болып өтті. Бұл жоба талантты қазақ жастарын қолдауға  бағытталды.

Мерекеге орай Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын қауымдастықтардың көрнекті өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшыларына және сала мамандарына табыстады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 966
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1088
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1057