Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
3450 5 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 11:49

АҚШ, Франция, Германия және Канада Ресейді Скрипальді улады деп айыптады

АҚШ, Франция, Германия және Канада Ресейді арнайы қызметтің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны биыл наурыз айында Ұлыбританияның Солсбери қаласында улады деп айыптады. Осылайша аталған төрт ел Ұлыбритания ұстанымын қолдады.

Бес мемлекеттік бірлескен мәлімдемесінде Ресейді «Новичок» улы затын дайындау бағдарламасын ашуға шақырды. Химиялық затты Скрипальға қастандық жасау үшін қолданған.

5 қыркүйекте Тереза Мэй бұрынғы офицер Скрипальді Кремльдің тапсырмасымен Ресейдің арнайы қызметі улаған деп мәлімдеді. Британия прокуратурасы күдіктілердің суреттерін жариялады. Олар: Александр Петров пен Руслан Боширов. Лондон оларды қамауға алуға еуропалық ордар шығарды.

Интерпол бұрынғы агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальді улады деген күдікті ресейліктерді Лондонның көмегімен іздестіреді. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ұлыбританияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Карен Пирс мәлімдеді. Ол британ билігі ресейліктерді экстрадициялауды талап етпейтінін, себебі Ресей конституциясы ресейліктерді экстрадициялауға рұқсат бермейтінін айтты.

Пирс сонымен қатар Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынуы мүмкін екенін хабарлағанын еске салды. Оның сөзінше, Скрипальге қастандық жасауға қолданылған удың "өте таза" болуы оның мемлекет бақылауымен жасалғанын айғақтайды. "Ресей билігі барлық нормалар мен фактілер бұрмаланған өзге әлемде жұмыс істейді" деді Карен Пирс. Ұлыбритания өкілінің сөзіне қарағанда, Лондон одақтастарымен бірге "барлау қызметі әлемдегі қауіпсіздікке қатер төндіретін елдерге" шара қолдануын жалғастыра береді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя жиында Лондонның "Скрипальге қастандық жасауға Мәскеудің қатысы бар" деген айыптауын жоққа шығарды. Оның сөзінше, күдіктілердің ресейлік ГРУ әскери барлау қызметімен байланысты екені және олардың Скрипальді улауға қатысы бары дәлелденбеген.

Небензя сонымен қатар Ұлыбритания Ресейге күдіктілердің виза мәліметтерін бермегенін хабарлады. Ол бұған қоса Лондонның Ресей дипломаттарын Скрипальмен кездестірмей отырғанын айтып, Ұлыбританияның уәжін "орыстарды жеккөрушіліктен туған" деп атады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли британ билігінің Скрипальді улау ісіне қатысты тергеуін "тыңғылықты және шынайы түрде жүргізілген" деп атады. Хейлидің пікірінше, әлемдік қауымдастық Лондонға қастандыққа күдіктілерді табуға көмектесуі тиіс.

Сергей және Юлия Скрипальдер 4 наурыз күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында ес-түссіз күйде табылып, ауруханада емделіп аман қалған. Ұлыбритания билігі олардың СССР тұсында әскери мқсатпен жасалған улы "Новичок" затынан уланғанын анықтап, бұған Ресейдің қатысы бар деп санайды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292