Бұл нақты қандай дәлелдер екендігін дипломат түсіндірмеді. Вашингтон Идлибке жасалған кез келген шабуылды "ақылға қонымсыз эскалация" деп бағалайды, деді ол. Бұған дейін Ақ үй Асад күштері Идлибте химиялық қару қолданған жағдайда, АҚШ оған бірден жауап беретінін ескерткен.
Жұма күні Тегеранда Ресей, Иран және Түркияның Идлибтегі жағдайға қатысты кездесуі өтуі тиіс. "Орыстар түріктермен тіл табыса алар-алмасын ертең білеміз", - деді Джеффри.
Идлиб – қарулы оппозиция бекінген соңғы провинция. Идлибте миллиондаған босқын мен тұрғын тұрады.
Abai.kz