Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2471 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:50

Қайыржан ТӨРЕЖАН. Оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды

 

 

Алматы облысының Іле ауданындағы Қараой ауылының түбінде орналасқан ҰҚК әскери институтына қарасты №2466 әскери бөлімшесінің оқ-дәрі қоймасында дүйсенбі күні кешкісін өрт шығып, жарылыстан бір жауынгер қаза болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктен.
ТЖМ Күш және құралдарды дайындау басқармасының бастығы, полковник Константин Евтушенконың айтуынша, Әскери институттың оқу-жаттығу полигонындағы оқ-дәрі қоймасында өрт шыққаны туралы хабар Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке кешкі алтылар шамасында түскен. Ђртті сөндіруге бірден кірісуге үздік-создық жарылып жатқан қоймадағы жаяу әскер машинасына арналған 30 мм снарядтардың жарылуы кедергі болған. Соған қарамастан өрт сөндірушілер түнгі екі кезінде жалынның бетін қайтарды. Қараой жаттығу полигонындағы жарылыстар таң бозарып атқанда саябырсыған. Соңғы жарылған снарядты төтеншеліктер кеше 05.20 минутта тіркепті.
Ђртенген оқ-дәрі қоймасының айналасын залалсыздандыру мақсатында Қорғаныс министрлігінің 61993 әскери бөлімінен екі саперлер тобы жеткізілді. Бұлар жаттығу полигонынан бір шақырым жерде тұрған Қараой ауылының айналасын жарылғыш заттардан тексеріп шықты. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің аймақтық органдары, Іле ауданының әкімшілігі, Қорғаныс министрлігінің әскери-тергеу басқармасы, Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы және аудандық ішкі істер бөлімі өкілдерінен құрылған жедел штаб жұмысқа кірісті. Снарядтардың жарықшақтары тию қаупі болғандықтан, әскери бөлім аумағындағы 46 отбасы мен 120 жауынгер қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Әкімдік олар уақытша паналайтын дала лагерін құрып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Жарылыс кезінде №2466 әскери бөлімшесінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Н.Овчаренко қаза тапқан. Бұл деректерді ҰҚК әскери институты бастығының орынбасары, полковник Қайрат Құлтаев растады. Оқиға болған жерде төтенше жағдайдың зардаптарын жою жөніндегі арнайы комиссия құрылып, өрттің неден шыққанын анықтауда.
Алматы облысының Іле ауданындағы Қараой ауылы маңында орналасқан №2466 әскери бөлімшесінде оқ-дәрі қоймасында өрт болу фактісі бойынша, Қылмыстық кодексінің 390-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады кеше бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

 

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН
«Айқын» газеті, 10 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592