Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Саңлақ 7150 52 пікір 16 Қыркүйек, 2018 сағат 10:12

Қазақ сенген Гена жеңілді

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) шаршы алаңда екінші мәрте жолықты.

Өткен жылы дәл осы күні, дәл бүгінгі аренада қос боксшы алғашқы жекпе-жектерін өткізген болатын. 12 руанд бойы жұдырықтасқан боксшылар төрешілердің шешімімен тең тарқасқан. Сөйтіп, ел арасында бір жылға азық боларлық дау-дамай мен аңыз қалған. Біреу GGG ұтты десе, біреу «Канелоның» бәсі биік болды десті.

Бүкіл бокс жанкүйері көз тіккен алғашқы кездесуде тең түскеннен қос боксшының ештеңесі кетпеді. Бұдан ол екеуі ұтпаса ұтылған жоқ негізі. Реванш өткізіп, тағы бір 40-50 млн долларды қалтаға басудың сәті туды. Бірақ, жанкүйерлерді бұл нәтиже қуанта алған жоқ. Әсіресе, бүкіл елдің жеңісін боксшының соққысына байланыстырып отырған біздің көрерменнің салы суға кетті.

Араға тура бір жыл салып Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да қайта беттескен боксшылар бір-бірін аямайтындай түр танытты. Жекпе-жек басталмай тұрып та қарсы тарапқа бағытталған қорқыту, үркіту сөздерінің өзі бір кітап болатындай еді. "Мен оны нокаутқа жіберем", "Кімнің шын мықты екенін көрсетемін" деген сөздерді айтудан екі боксшы да тартынған жоқ еді. Әрине, бұл да бокстың бір бөлігі. Шаршы алаң сыртындағы шайқас деген осы.

Бокс кеші сағат 06:00-де басталады деп таң атпай тұрып алған қазақстандықтар асыға күткен жекпе-жек тоғыздан асқанда басталды. Алғашқы раундтарда боксшылардың өздері айтқандай бір-бірін "жеп қоятын" қарқын байқалған жоқ. Бірақ, тынымсыз секундтардың сырғуымен тартыс та қыза түсті. Екеуінің де дайындығы жоғары деңгейде екенін байқадық.

Неге екені белгісіз, екі жекпе-жек те Мексика мемлекетінің тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келді. Егер Мексика жұртының да түсінгі қазақстандықтармен бірдей болса, онда тәуелсіздік күні жеңіліс табу барып тұрған масқара екені сөзсіз. Бірақ, ол елде бір спортшының жеңісі мен жеңілісі ел өміріне қандай әсер ететіні бізге белгісіз. Бір анығы, Альварес бүгін былтырғыдай шаршы алаңның төрт бұрышында қашып жүрмей, біздің боксшымен бетпе-бет келіп "еркекше" бокстасты. Соған қарағанда Сауль бұл жолы тек жеңіс үшін шыққан секілді.

Мамандар мен бокс жанкүйерлері бұл жекпе-жектен нокаут күткен. Кейбір сарапшылар Головкин жеңіске жетем десе қарсыласын нокаутқа түсірмеген күннің өзінде, кем дегенде бір-екі мәрте нокдаун жасауы керек екенін айтқан. Әйтпесе, кәсіпқой бокс әлемнің "сүйіктісі" Саулді ұпай санымен ұтудың қиын екенін ескерткен.

Дәл осы пікір шындыққа айналды. 12 раунд бойы не нокаут, не нокдаун болмаған жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестің жолы болды. Ұпай айырмасы - 115:113, 115:113, 114:114. Ал Головкин өзінің WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарынан айырылды.

Осылайша, қазақ спортындағы сәтсіздіктер жалғасуда. Джакарта төрінде өткен Азия ойындарындағы нашар нәтиже, Көшпенділер ойынындағы өзбектерден жеңіліс, футболшыларымыздың Грузия мен Андорраға ұпай жоғалуы, енді міне, Головкин де кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап отыр.

Abai.kz

52 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972