Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Билік 3621 0 пікір 2 Қыркүйек, 2018 сағат 10:54

Солтүстік өңірдің сізге берер сыйы мол

Күнгей жұртын теріскейге алдыртып, сондағы тіршілік қазанын қайнатуды көздеген Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы – көргенділікпен қолға алынған жоба деп санаймыз. Себебі, оңтүстік өңірдің халқы жыл санап көбейіп, жұмыс табу қиындап бара жатса; солтүстікттің кең-байтақ даласында адам саны азайып барады. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін ел билігі осындай шешім шығарғалы бірнеше жылдың жүзі болды.

Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу барысы жайлы нақты мәліметтерді саралап көрейік.

ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұржан Нұрашевтың айтуынша, қазір оңтүстік өңірлерде халық саны тез өсіп, еңбекке жарамды адамдардың жұмыс табуы қиынға айналуда. Ал солтүстік өңірлерде жұмыс күші жетіспей жатқанын жоғарда айттық. Сондықтан да, 2019 жылы солтүстікке 700 отбасын көшіру жоспарланған.

Оңтүстіктен-солтүстікке жобасы 2015 жылдан бері қолға алынды. 2017 жылы 5 облыстан: Шығыс Қазақстан облысына — 98, Қостанай облысына — 30, Павлодар облысына — 69, Солтүстік Қазақстан облысына -184 отбасы қоныстанған. Ал 2018 жылы қоныс аударуға: Шығыс Қазақстан облысына — 364, Қостанай облысына — 272, Павлодар облысына — 380, Солтүстік Қазақстан облысына 690 квота бөлінді.

Солтүстікке қоныс аударған оңтүстік азаматтарына бірқатар жеңілдіктер мен қаржылай көмек ұсынылады.

Атап айтқанда:
республикалық бюджеттен:
–Бағдарламаға қатысушыларға және оның әрбір отбасы мүшесіне бір реттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері — 35 АЕК, 84 175 теңгеге тең.
– Коммуналдық төлемдерді және жалға алынған баспананың ақысын төлеуге 12 айға дейін:

Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:
– 1 адам үшін — 20 АЕК (48100 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса — 25 АЕК (60125 теңге);
– 5 жан және одан көп болса — 30 АЕК (72150 теңге)
2. Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:
– 1 адам үшін — 15 АЕК (36075 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса — 18 АЕК (43290 теңге);
– 5 жан және одан көп болса — 21 АЕК (50505 теңге)материалдық көмек көрсетіледі.

Егер де тұрғын үй сатып алғыңыз келсе, бірақ қолыңызда қаржыңыз болмаса, бұл соманың бір жылдық жиынтығын бірден алып, үй алуға болады. Айта кетер бір жайт, бағдарламаға қатысушы отбасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға қол жеткізуі үшін, жанұяның ең болмаса бір мүшесі міндетті түрде жұмыспен қамтылуы керек. Ал жергілікті билік оларды жұмыспен қамтуға міндетті.

Түсінгеніміз, солтүстіктің тек аудандары мен ауылдарына көшу мақсат емес. Облыс орталықтарына да қоныс аударуға болады. Нұржан Нұрашевтың айтуынша, ауылды жерден гөрі қалаға көшкісі келетіндер баршылық. Себебі, онда жұмыс орны көп. Дегенмен, қалада баспана қымбат. Қалтаға қонымдысын табу оңай емес. Ал ауылды жерде бос тұрған баспана көп, — дейді ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұржан Нұрашев.

Осы жерде мемлекет те, жергілікті жердің билігі де қоныс аударушыларды тегін баспанамен қамтамасыз етпейтінін ескерген жөн. Әйткенмен мұны кеш біліп, кері қайтатындар бар.

«Кері қайтамын» дейтіндердің біразына сондағы суық ауа-райы жақпайды екен. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың сөзіне сенсек, былтыр дәл осындай сылтау айтып солтүстікке көшіп кеткен адамдардың 19-ы оңтүстікке қайтып келген. Олар келісімшарттарының мерзімі аяқталған соң, ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, министр биылдан бастап солтүстікке көшкен отбасыларды жұмыс беруші баспанамен қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты. Бұл үшін мемлекет мекемеге — әр бір жұмыскері үшін 1 082 250 теңге бөлмек.

Әйткенмен, бағдарлама негізінде емес, жеке көшіп жатқан жандар мұндай шарапатты көре алмайды. Мамандар сондай жандарға мемлекет тарапынан да, жергілікті биліктен де көмек қарастырылмайтынын айтады. Ал, бағдарламаға сәйкес құжаттарын рәсімдегендер, келісімшарттың мерзімі (6 ай немесе 1 жыл) бітпейінше кері қайта алмайды. Келісімшартты бұзса, жолға жұмсалған және мемлекеттен алған барлық ақшасын тиынына дейін қайтаруы тиіс.

Алашайнасы басылымында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, солтүстік өңірлерге оңтүстік аймақтарынан қоныс аударушыларға ұсынылатын бос жұмыс орындары:

Орыс және орыс әдебиеті пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына);
2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі (қазақ және орыс сыныптарына);
3. Математика (қазақ және орыс сыныптарына);
4. Химия пәні мұғалімі (орыс сыныптарына);
5. Физика пәні мұғалімі (орыс сыныптарына);
6. Бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныптарына);
7. Әскери дайындық сабағының мұғалімі (орыс сыныптарына);
8. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
9. Акушер;
10. Акушер-гинеколог;
11. Маммограф;
12. Маммолог;
13. Дәрігер-невропатолог;
14. Дәрігер-офтальмолог;
15. Тіс дәрігері;
16. Балалар дәрігері;
17. Терапевт;
18. Хирург;
19. Құлақ-мұрын, тамақ дәрігері;
20. Мейірбике;
21. Электрші;
22. Тракторшы;
23. Механизатор;
24. Нан пісіруші;
25. Құрылысшы;
26. Агроном;
27. Сатушы;
28. Мал дәрігері;
29. Көлік жүргізушісі;
30. Еден жуушы;

Қазақстан үкіметі солтүстік пен шығыстағы «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға оңтүстіктегі «жұмыс күші артық» облыстардан мамандарды шақыру науқанын бірнеше жыл бұрын бастаған.Солтүстіктегі адам саны аз обылыстардың бірі - Палводар облысы. Халқының саны 754,6 мың адамды құрады. Қала халқы - 533,4 мың адам (70,7%), ал ауыл халқы - 221,2 мың адам (29,3%).

Павлодар облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасып, солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр. Ел елге қосылса құт демекші, солтүстіктің қазағы келіп төріне шақыруда. Еліміздің шекара аймағында орнасқан Кереку жері мен елі Оңтүстік халқынан шекара аймақты бірге дамытуды қалайды. Осы өлкенің халқының саны атрып, экономкалық әлеуті артып,  көркейіп гүлденуіне осы көшпен барған халықтың үлесі зор болмақ. Қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі көптеген аудандар мен ауылдардың аты қазақшаланып келеді. Егер Солтүстікке көшіміз құйылар болса, облыстың атын да өзіне қайтарудың мүмкіндігі туатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6219