Сенбі, 23 Қараша 2024
3173 0 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 14:53

Медицина университеті мен «Такеда Қазақстан» меморандумға қол қойды

Өткен аптада С. Асфендияров атындағы  Қазақ Ұлттық Медицина университеті  «Такеда Қазақстан» ЖШС – мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне Жапон елінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі  Итиро Кавабата қатысты.

Бұл құжат   ғылыми және педагогикалық  бағыттағы    бірлескен біршама жобаларды іске асыруға мүмкіндік туғызады. Білікті жапон мамандарының  тәжірибесі  қазақ студенттерінің  инновациялық әдістер арқылы емдеу  ісін меңгеруіне  зор ықпал етері сөзсіз.

«Такеда Қазақстан» компаниясымен әріптестік қызыметіміздің «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында  қойылған мақсаттарға жетуімізге көмегін тигізетініне сенімдіміз» - дейді, Университет ректоры Талғат Нұрғожин. Биылғы оқу жылы қарсаңында, университетке алғаш рет «Фрмацевтика өндірісінің технологиясы» мамандығы үшін  500 грант бөлініп отыр. Ал, осы сала бойынша әлемдегі  үздіктер қатарына енетін «Такеда» компаниясымен  ымыраға келу  арқылы, болашақ фармацевтер  алдыңғы қатарлы технологияларға қол жеткізіп,  мол тәжірибе алатын болады. Өйткені, ҚазҰМУ-дің көздегені – болашақ медицина қызметкерлерінің  ХХІ ғасыр талабына сай, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болып, технологиялық  озық  әдістерді терең  игеруін қамтамасыз ету.

«Takeda Pharmaceutical limited»  – озық ғылыми зерттеулерге сүйенетін халықаралық фармацевтік компания болып табылады. Компания, негізінен, онкологиялық ауырулар, жүрек, қан тамырлары ауырулары, гастроэнтерология және жүйке ауыруларын емдейтін дәрі-дәрмек  шығарумен айналысады.  Осы әйгілі компанияның құрамына енетін «Такеда Қазақстан» ЖШС-і  Қазақстан аумағында 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді.

ҚазҰМУ-нің  мұндай ұтымды қадамға баруына мүмкіндік жасап отырған  жәйт – университет қарамағына 6 емхана мен медициналық бағыттағы белгілі бес ғылыми институттың  берілуі.  Мұндай мығым база оқу орнының  кең қанат жайып, ғылыми-инновациялық үрдіске көшуіне көп септігін  тигізеді. Оның үстіне, мұндай әріптестікке бару – мемлекеттің отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамытпақшы жоспарын жүзеге асыра бастағанын  да  көрсетсе керек.

Университет  соңғы жылдары  Жапон оқу орындарымен тығыз байланыстар орнатып  келеді.    Біздің жас ғалымдарымыз Киото университетінің докторантурасында тәлім алатын болады. Бар шығын  Күншығыс  елінің мойнында.  Ал, Нагасаки университеті алматылық әріптестеріне былтыр екі грант бөлсе, биыл ондай грант бойынша үш студент  сол жақта тәлім алады. Осы тұста, алматылықтар үшін жағымды жаңалық – кәзіргі күндері  университетте тәжірибе  бөлісіп  жүрген Нагасаки университетінің екі профессоры тұрғындарды  тегін қабылдап жатыр.  Кім де кім келіп, көрініп кетуіне болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490