Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Алаң 5188 3 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 12:51

Астана маңындағы ауыл тұрғындарының да жақсы өмір сүруге құқығы бар

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Биыл бас қаламыз  Астананың 20 жылдығын ел болып атап өтудеміз. Елбасының ерік-жігерінің, үздіксіз қолдауының арқасында Еліміздің ордасы, әсем қала Астана қазақ елі болашағының қаласына айналды.

Осыдан 10-15 жыл бұрын, еліміздің ішкі аймақтарынан келген біздің отандастарымыз, алыс жақын шетелден елім деп келген қандастарымыз, үкілі үміттің жетегінде, тәуелсіздігімізге мың тәубе жасап, Астананы айнала қонған еді. Бүгіндегі ару Астанамызды салған тек белгілі архитекторлар мен шенеуіктер ғана емес, сонымен қатар жүздеген қарапайым жұмысшылардың да қажырлы еңбегі. Астананы өз қолдарымен қалаған адамдардың барлығы бірдей осы қаладан үй, пәтер алуға қол жетпейді.  Астананың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген мыңдаған азаматтарымыз  осы Астана маңындағы ауылдарда тұрады. Олардың да жұрт қатарлы жақсы өмір сүруге толық құқықтары бар.

2012 жылы Елбасы, осы ауылдарды аралап, Үкіметке Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын жасауды тапсырды. Ол өз сөзінде:  «Астана агломерациясының арнайы кешенді жоспарына 20 елді мекен кіреді, оны дамытуға мемлекет тарапынан 40 млрд қаржы жоспарланып отыр.Астанаға жақын орналасқан ауылдарға  адамдар көшіп келіп, тұрақтап жұмыс істеуі үшін барлық мүмкіндік жасалуы тиіс. Үлкен қалалардың маңайына шоғырлану әлемде бар үрдіс», - деп атап өткен-ді.

Сол уақыттан бері Үкімет қабырғасында осы тақырыпқа байланысты  талай жиын өтті.Бірақ бұл жиындардан адамдардың өмірінің өзгергенін көрмедік.

Бүгінде Астана түбіне шоғырланған ауылдарда халықтың саны күрт өсуде. Бір ғана мысал, Қоянды ауылында 1999 жылы 319 тұрғын  болса, бүгінде, тек ресми мәлімет бойынша, 22000 мың адам, ал, бейресми дерек бойыша, 35000 адам тұрады Үлкен өкінішке орай, адам санымен бірге бұл ауылдарда әлеуметтік, инфроқұрылымдық пролеблемалар да бірге өсуде. Бұл ауылдан
10 шақырым жердегі Астананың кейбір көшелері бір жылда екі рет жөнделсе, 15жылда бұл ауылдың ішіндегі ұзындығы 154 км жолдың 3,5 км-на  ғана асфальт төселген . Осы жолмен күзде бес шақырым батпақ кешіп, қыста борандатып, қар кешіп балалар мектепке барады. Ауылдың қиыр шетіне орналасқан 900 орындық мектепте 2700 оқушы білім алуда, тек 1-класта ғана 16 сынып бар. Ауылдың тазалығы, ауыз су, оқушыларды тасымалдайтын көлік, жол, ауылдағы криминалдық ахуал сияқты мәселелер талай уақыттан бері айтылып келеді, бірақ әлі толық шешімін тапқан жоқ. Осы олқылықтар жоғарыда аталған бір ғана ауыл емес, Астананы айнала қонған  Талапкер, Қажымұқан, Қосшы, Қараөткел,  Тайтөбе сияқты ауылдарға да тән.

2017 жылы 31 қазанда Үкімет отырысында Астана агломерациясының территориялық схемасы мақұлданды.Бұл аймақтың шеңберіне 124 елді мекен еніп, 2030 жылға агломерация халқының санын 2млн-ға жеткізу жоспарланып отыр. 2030жылға дейін Астана аумағындағы ірі өнеркәсіп және өндіріс обьектілерін жаңадан құрылатын үш индустриялық аймаққа көшіру жоспарлануда.

Алайда, осы индустриялық аймақтардің бірі 35000 мың халқы бар Қоянды ауылын айналып өтіп, 86 ғана тұрғыны бар Жайнақ ауылына, енді бірі 15000 халқы бар Талапкерге емес, 854 адамы бар Төңкеріс ауылына орналасатын болыпты. Әрине индустриялық аймаққа орын іздегенде темір жолдың тоғысы, тағы басқа да  инфроқұрылымдық, экономикалық категориялар  негізге алынған болар. Естеріңізге сала кетейік, ең жоғарғы экономикалық категория – ол адамның еңбегі, темірді де, көмірді де нағыз құндылыққа айналдыратын адамның еңбек күші.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Кеше ғана Үкімет 2019-2023 жылдарда Астана құрылысының кешенді жоспарын бекітті. Осы орайда, Ақжол фракциясының мынадай сұрақтарына жауап берулеріңізді сұраймыз:

  1. Астана қаласының, Астана агломерациясының перспективалық жоспарына қала маңындағы халқы тығыз орналасқан ауылдар енді ме?
  2. Инфрақұрылым (жол салу, жылу, су тарту) және мәдениет ошақтарын салу жұмыстарына қаржы қарастырылған ба?
  3. Осы ауылдарда оқушылардың санына сәйкес мектептердің құрылыстарына қаржы бөлінген бе?
  4. Елбасының бес әлеуметтік бастамасына сәйкес,бұл ауылдар газдандыру жоспарына енгізілген бе?
  5. Жоғарыда аталған мәселелер қарастырылған болса, олардың орындалу мерзімі қандай?

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары

Депутаттық сауалды Мәжілісмен Берік Дүйсембинов қойды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530