Сенбі, 23 Қараша 2024
4364 10 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 15:23

«Нұр Отан» ауыл мектептері үшін ағылшын тілі бойынша тегін курстар ұйымдастырды

«Нұр Отан» партиясы 7 мың оқушыны ағылшын тіліне оқытуға байланысты мақсат қойды. Бүгінгі таңда 84 ауылдық аймақтар мен Қазақстанның аудан орталықтарында «English for Jastar» жобасының шеңберінде 9-11 сынып оқушыларына арналған тегін факультативтік курстар бастау алды.  Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асып жатқан, үштілділікті енгізу жөніндегі ауқымды бағдарламаны қолдау үшін жоба дайындалды. Ол оқушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыруға және қарым-қатынас машығын жақсартуға көмектесуге пайдасын келтіреді.

 

«English for Jastar» пилоттық режимде өткізіліп 2 айға 2018 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін жалғасады.

Ағылшын тілін оқуды, тілдің қолданушылары мен «Жас Отан» жастар қанаты сол үшін арнайы іріктеген отандық мамандар үйретеді. Республикамызда үштілділікті дамытуға ниет білдірген 141 еріктілердің саны  -141 адам болды. Олардың ішінде 75 қазақстандық жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер.

Солардың бірі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті Мирас Өзбеков. Ұстаз ретінде оған «Зеленый бор» ауылында өз мүмкіндігін таныту мүмкіндігі туды.

    - Менің мақсатым – ауылдық мектептердегі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Сонымен бірге мен өзімнің білім деңгейімді арттыра түсуді  үміттенемін. Бұл мен үшін ұмытылмас тәжірибе болатын шығар деген ойдамын, - деп атап өтті ол.

Ағылшын тілін оқыту бойынша факультативтік курстар тағы бір партиялық жоба шеңберінде барлық еліміз бойынша ашылған, 20 коворкинг-орталықта, сонымен бірге Қазақстанның 64 мектебінде ұйымдастырылды.

- Факультативтерде оқушылар мектепке қарағанда анағұрлым терең білім алатын болады. Сонымен бірге, таяу уақытта балалардың шет елден келген тілдің қолданушыларымен араласу мүмкіндігі пайда болады, - деп атап өтті Партия хатшысы Тамара Дүйсенова.

    «English for Jastar» жобасы жүзеге асып жатқан барлық аудандарға қажетті оқу құралдары жеткізілді.  Осыған орай 172 Elementary мен Pre-Intermediate оксфордтық құрал жиынтығы бөлінді. Әр жиынтықта оқушыларға арналған Student`s Book, тапсырманы жасауға арналған Workbook, сонымен бірге ағылшын тіліндегі фильмдердің DVD-дискілері бар.

«Жас Отан» Жастар қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы жобаның ұйымдастырушылары болды.  Жобаға академиялық көмекті «InterPress» тіл орталығы көрсетті. Олардың Oxford University Press (Англия) баспасының «Solutions» оқулығы бойынша,  оқытушылар қосымша тіл сындырады.  Сондай-ақ, «AIESEC» халықаралық ұйымы, «Білім беру лидерлігінің орталығы» ЖШС, «Назарбаев Университеті» АҚ, «Qazaq Air» әуекомпаниясы АҚ, «Меломан HOME VIDEO» ЖШС, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «4KZTours» ҚР ішкі туризмді дамыту жөніндегі американдық компаниясы жобаға әріптестік танытты.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415