Жұма, 29 Наурыз 2024
2919 2 пікір 24 Қыркүйек, 2018 сағат 10:49

Алматыда тағы бірнеше бағыттардың автобустары жаңарды

Алматыда көлікті реформалау және жолаушы көлігінің тұрақты жүйесін қалыптастыру аясында жылжымалы составты жаңарту одан әрі жалғасуда, деп жазады Абай-ақпарат Алматы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде жеке тасымалдаушылар алған бірқатар бағыттарды, соның ішінде қалаға жақын аумақтарды қамтитын жаңа автобустарды көрді.

«Бұрындары біз 20 жыл бұрын алынған ескі автобустармен жұмыс істедік, соның салдарынан қозғалыс кестесі сақталмайтын, жолаушылар реніш білдіретін. Қазіргі кезде жеке қаржымызға жалпы сыйымдылығы 70 адамға дейін жететін Yutong маркалы Евро-5 экологиялық сыныптағы 30 автобус сатып алдық», - деп хабарлады «Қаскелең автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қайрат Юсупов.

Бұл автобустар №23 (Қырғауылды – Бесағаш поселкелері) және №78 (Саяхат автобекеті – Жалпақсай поселкесі) бағыттары бойынша жүреді, күніне орташа есеппен 15 мыңға дейін жолаушы тасымалдайды.

Бұлардан өзге, «Олжас LTD» автопаркі жылжымалы составтың тағы төрт бірлігін сатып алды. Сыйымдылығы орташа автобустар №62 бағыт бойынша жүреді, жолаушы ағыны артқандықтан бұрынғы жаңарған автобустардың қатарын толықтырады.

Мегаполис басшысы субсидия бөлу арқылы жылжымалы составты жаңартқан автопарктерге қолдау көрсетілетінін айтты. Дегенмен, тасымалдаушылар жүргізушілердің мәдениетін және қызмет көрсету сапасын арттырулары тиіс.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаңарған қоғамдық көліктің үлесін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594