Түркменстанда Қазақстан мәдениетінің күндері өтті
Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Ашхабадта Қазақстанның Түркменстандағы мәдени күндері өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.
Түркменстан астанасының үздік концерттік және театр залдарында өткен шаралардың бағдарламасына Қазақстан өнер шеберлерінің концерттері, «Қазақстан-Еуразия жүрегі» фотокөрмесі, соңғы жылдары түсірілген көркем фильмдердің көрсетілімі, қазақстандық әртістердің шеберлік сыныптары енді.
Мәдени шаралардың жоғары дәрежелігін Түркменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың Мәдениет күндерінің қатысушыларына арнап сөйлеген сөздері тағы бір дәлелдегендей: «Түркменстан мен Қазақстан халықтарының мәдениеттері мен өнерлерінің дамуына үлес қосуға бағытталған бұл халықаралық шара екі елдің арасындағы көп жақты ынтымақтастық пен мәдени байланыстар жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді».
Қазақстанның мәдени құндылықтарын насихаттауға қазақ мәдениетінің әр қырын көрсететін тиімді құрастырылған бағдарлама өз үлесін қосты. «Әлқисса» халық аспаптары ансамблінің орындауындағы қазақтың халық әуендері мен әндері Абзал Мұхитдинов басқаратын мемлекеттік камералық оркестрдің орындауындағы Еуропа және қазақ классиктерінің шығармаларымен ауысып отырды.

«Түркменстандық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жанат Шабықбаев түркмен тілінде орындаған атақты түркменстандық композитор Нура Халмамедовтың «Хайрана галар» әні түркмен халқы үшін нағыз сый болды», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.
«Дон Кихот» балетін орындаған Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бишілері Құралай Сарқытбаева және Досжан Табылды түркменстандық көрермендердің жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. «Ұлытау» тобы да Қазақстаның бүгінгі мәдениетінің көп қырлылығын таныстырды.
Мәдениет күндері қазақстандық көркем фильмдердің көрсетілімімен жалғасты: «Көшпенділер», «Сталинге сыйлық», «Мұстафа Шоқай» және «Қош бол, Гүлсары».
Тәжірибе алмасу шеңберінде Түркменстанның ұлттық консерваториясында шығармашылық кездесулер мен шеберлік сағаттары өтті. Қорытынды концертте қазақ және түркмен әртістерінің бірлесіп өнер көрсеткені көрермендерді қатты қуантты.
«Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін Түркменстан көрермендері орындарынан тұрып тыңдады», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Қазақстанның Түркменстандағы мәдениет күндері шеңберінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Түркменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Майса Язмұхаммедовамен, мәдениет және телерадиотарату министрі Гильмұрат Мырадовпен кездесіп, екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының келешегін талқылады.