Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3573 0 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 15:03

Алматы облысында 14 сала­лық кәсіподақ ұйымы қызмет атқарады

Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіподақтардың аз уақытта жеткен жетістіктеріне қарап, аталған бірлестіктің қоғамда өз орны бар әлеуметшіл ұйым екеніне көз жеткіземіз. Өйткені еліміздің кәсіподақ ұйымдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыс атқаруда.

Жалпы еліміздегі кәсіподақ қозғалы­сы­ның жұмысы ХХ ғасырдан бастау алғаны ешкімге жасырын емес. Және алғашқы кәсіподақ ұйымы қазіргі Қара­ғанды облысына қарасты Успен мыс кен өндіру орнындағы жұмысшылар ода­ғының бастамасымен құрылған болатын.

Кәсіподақ – қоғамда өзгеден озық, бітім-болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани жағынан салмақты орны бар, үлкен беделге ие ұйым. Ал кә­сіп­одақтардың қазіргі қоғамдағы өз орнын табуы, заман ағымына сай қыз­мет көр­сетуі үлкен іскерлікті талап ете­ді. Бү­гінгі таңда кәсіподақтар ұйымы үкі­мет­­тік және бизнес өкілдерімен бірле­се, зама­науи қазақстандық қоғамды қалып­­т­ас­тыру жолында жұмыс істеп келеді. Қо­ғамдық жүйенің бөлігі ретін­де үдемелі түрде өзгеріп жатқан құбылыс­тарға үн қосып, қарапайым еңбекші ха­лық­­тың игілігіне қызмет ету аталған ұйым мү­ше­леріне үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бір­лестігі де азаматтық қоғамның жарқын үлгі­сіндей болып, 2015 жылы көпшіліктің қалауымен құрылған болатын. Орталық құрылғаннан бері мекемелердегі еңбек ұжымдарын кәсіподақ қозғалысына тарту, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйым­дарын құру, жұмыс істеп жатқан кәсіп­тік одақтардың қызметтерін ретке кел­тіру бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Жалпы осы жерде заңды сұрақ туа­ды: кәсіподақтың қажеттілігі неде, ол жұмысшыларға не береді, ең бастысы, еңбек дауларына байланысты олардың құқықтарын қорғай ала ма? Міне, осындай сан түрлі сауалдарға жауап бере отырып, біз бірден еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын бас­тап кеттік. Әрине, біреулер дұрыс қабылдаса, кейбіреулер кәсіподаққа секеммен қарады. Біз мүмкіндігінше әрбір ұжымдағы еңбекке байланысты проблемаларды көтеріп, оның шешу жолдарын қарастырдық.

Бірде облыстық Мәдениет басқарма­­­сына қарайтын мұрағат саласының қыз­мет­­­­керлерімен кездескенде, ескі құжат­­тар­­­мен жұмыс істегендерге үстем­еақы төленбейтіні анықталды. Біз осы мә­се­леге байланысты әлеуметтік серік­тесіміз – жер­гілікті басқару органдарына хат жолдап, үшжақты келісім жаса­дық. Осы­лайша заң тұрғысынан қарас­тыра келе, оларға міндетті түрде үстемеақы төлеу ­ке­рек­тігін дәлелдедік. Нәти­жесін­де, облыс­­тың бюджетін қалыптас­ты­ру кезінде қосым­­ша қаражат бөлініп, мұра­ғат қыз­меткер­ле­рі­не үстемеақы төлене бастады.

Өткізетін шараларға мүмкіндігінше мәслихат депутаттарын, облыстың құр­метті азаматтарын, қоғам қайраткер­ле­рін, құқық қорғау саласының қызмет­кер­лерін, жастарды, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдерін қатыстыра оты­рып, қатардағы қарапайым жұмыс­шы­­лардың пікірін тыңдаймыз. Олардың көзқарастарын ескеріп, берген ұсыныс­­­­тарын шешуге барынша тырысамыз. Өйт­кені мұндай жұмыстар кәсіподақтың имид­жін көтерумен қатар, қоғамдық көз­­­қарасты қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруге арналған алаңдар құрылып, бірқатар мәселелер өз шешімін табуда. Соның ішінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастары, ұжымдық шарттар­­­дың дайындалуы мен орындалуы жаңа форматта жүргізіле бастады. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық келісімшарттардың бекітілуі және оның орындалуы сараптамадан өтіп, үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

Жалпы Алматы облысында 14 сала­лық кәсіподақ ұйымы қызмет атқарады. Олардың жұмысын үйлестіру, әдістемелік көмек беру, білімдерін жетілдіру бойынша арнайы курстар ұйымдастыру жұмыстары оң жолға қойылған. Оның үстіне, Жетісу өңірі еліміздегі экономикалық, рухани, сая­си тұрғыдан өзіндік орны бар аймақтар­дың бірі саналады. Аймақта жүзге жуық этнос өкілдері тұрады. Бүгінде халық саны статистикаға сәйкес 2 миллионнан асады. Атқарылып жатқан жұмысты әрі қарай оңтайландыру үшін жергілікті атқарушы органдармен, кәсіподақтар және өнеркәсіп басшыларының арасында өндірістік процесті бірыңғай қалыпқа келтіру және еңбек құқығын сақтау бо­йынша меморандумдарға қол жеткіздік.

Биыл Алматы облысының соты, Мем­лекеттік қызмет істері және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігінің Алматы облыстық департамен­ті, Халыққа қызмет көрсету орталығы және аумақтық кәсіподақтар ортасында меморандумға қол қойылды. Қазір облыстық сот және Талдықорған сотының ғимараттарында сотқа дейінгі даулардың алдын алу үшін «Татуласу орталықтары» жұмыс істеуде. Осы мақсатта облыстық соттың ғимаратында ашылған Құқықтық қызметтер орталығына жоғары дәрежелі медиаторды қызметке алдық. Енді, медиатордың көмегіне басшыдан бастап, қатардағы қызметкерге дейін жүгініп, кеңес алатын болады.

Әсет Қыдырманов, Алматы облысының кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443