Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5617 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 15:47

Алда болатын Парламент сайлауынан біз де тысқары қалмаймыз - Ж.Ахметбеков

АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Президенттік сайлау өткеннен кейін қазіргі үкіметтің құрамы жаңаратыны белгілі. Парламентшілер қатары жаңа құраммен толығады.

Осы жайттан біз де тысқары қалмай, сол Парламентке мандат алуға ұмтылатын боламыз. Бұл жайында бүгін ҚР Президентігінен үміткер Жамбыл Ахметбеков Алматыдағы Сарыарқы алаңында өткізген митинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Парламентте еліміздің әр партиясының мүшесі жұмыс істеп, өзіндік үндерін қосуы керек. "Негізінен үкіметте әр партияның кем дегенде 5 мүшесі жұмыс атқаруы керек.",-дейді Ж.Ахметбеков.

Сонымен қатар ол өз бағдарламасында кедейшілікпен, жұмыссыздықпен және қымбатшылықпен күрес сияқты үш қағиданы алға тартатындығын атап өтті. «Біз көп партиялы үкімет құруды қолдаймыз және соған жету үшін жұмыстар атқаратын боламыз. Біз өркениетті елдер қатарындамыз, олай болса біздің күн-көріс, табысымыз да соған сай болуы керек», -дейді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036