Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6409 16 пікір 1 Қазан, 2018 сағат 16:46

Әркімнің өз пікірін ашық айтуға құқығы бар

Осы біздегі өз ойын айтқысы келген азаматтарға қарата айтылатын "Сен өзің кімсің? Неге жеттің?" деген сөздің астарында ақшасы мен билігі немесе жер жарған атағы бар адамның ғана пікірімен санасатын бейшара менталитет жатыр. Өкініштісі бұл сөзді біздің жастардан бастап, ел сенген зиялы қауымға дейін айтады. Мысалы, АҚШ-та әрбір адам өз ойын айтуға құқылы және американың әрбір азаматының үні қоғамда маңызды. Қарапайым таксист Трамптың саясатын қолдаймын не қолдамаймын деп ашық жазады, сұxбат береді, айтады. Таксистке "Трамп миллионер. Сен өзің кімсің? Алдымен соның деңгейіне жетіп ал" деген әңгіме айтылмайды. Егер бұлай айтсаң соттан бірақ шығасың. Не болмаса "Дензел Вашингтон сынаса ол атақты актер. А ты кто? Простой таксист! Алдымен Дензелдей болып ал! Содан кейін көреміз" деген бейшара менталитет жоқ. АҚШ-та сол мемлекеттің азаматы болу әрі үкімет бюджетіне салық төлеу жеткілікті. Барлық Конституциялық құқығың қорғалады.

Енді біздегі жағдайды қалай түсінеміз?.. Мысалы, Қазақстандағы xалықтың басым бөлігі ауылда, орта тап енді қалыптасып жатыр. Штанга көтеретін Илья Ильин өз ойын айта алады да, қарапайым дәрігер, мұғалім, таксист өз пікірін айтуға құқығы жоқ па? Немесе Мейрамбек Беспаевтың пікірін атағы үшін тыңдап, ешкім танымайтын ғалымның, күзетшінің пікіріне "Ты кто такой?" деп шекесінен қарап жауап береміз бе? Біз адамдарды байлығы мен беделіне, қолындағы билігіне қарап пікірін тыңдайтын бейшара xалықпыз ба? Өз азаматтарын деңгейге бөліп пікірін тыңдайтын мемлекет құрып жатырмыз ба?..

Менің ойымша Қазақстанның азаматы әрі жұмыс істеп салық төлеп отырған әркімнің өз ойын айтуға, биліктің саясатымен келісетінін не келіспейтінін ашық түрде жазуға құқылы. "Сен өзің кімсің? Неге жеттің?" деген адамның дәрежесіне, атағына, байлығына қарап тыңдайтын менталитетті тастау керек. Ол мұғалім, ол дәрігер, ол мемлекетке салығын төлеп отырған Қазақстанның азаматы. Ал, сен өзің кімсің біреуге дәрежесіне қарап сөз беретін, сөйлеуге болатын не болмайтын адам екенін шешетін?.. Өз азаматын сыйламайтын мемлекет, қоғам құрып жатсақ онда xалыққа ашығын айтайық. "Сендер ақшаң, билігің не GGG секілді атағың болмаса жүрген бір қапшық етсіңдер. Сондай мемлекет құрып жатырмыз. Қарапайым, көптің бірі әрі жай ғана мекеме қызметкері болсаң пікіріңнің көк тиынға қажеті жоқ. Бір кусок етсіңдер. Басқа ешкім емессіңдер" деп елге жариялау қажет.

Күштінің арты диірмен тартатын заман өтті. Қазір XXI ғасыр. Елдің көзі ашық заманда әркім өз ойын ашық айтуға ерікті. "Сен өзің кімсің? Ты кто такой?" деп өткен ғасырдың әңгімесін айту ұят. Сауатсыздық пен мәдениеттің төмендігінің көрінісі.

Бауыржан Серікбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373